пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-1oC
×

Актер Руслан Нұрман «5:32» сериалынан кейін жұбайының актерлік шеберлігін мойындағанын айтты

Актер Руслан Нұрманнның сөзінше, «5:32» сериалынан соң әйелі Жәудір Сарыпбекованың актерлік шеберлігін мойындап, оны танымай да қалған. Бұл туралы өнер иесі «Мархабат» бағдарламасына берген сұқбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhaudir_sarypbekova
Фото: Instagram/zhaudir_sarypbekova

«Отбасы болған соң «Мені осындай жерге шақырып жатыр», деп ақылдасамыз ғой. Үнемі айтып, сұранып отырады. Үш күн түсірілім болды. Кейін сериал шыққанда өзім таңғалдым. Танымай қалдым. Өте шынайы ойнаған. Актерлік шеберлігін мойындадым десем де болады», — деді Руслан Нұрман.

Өнер иесі парақшасында жұбайының ойнаған образын көрсетіп, мақтанғанын да атап өтті.

«Парақшамда жария еттім. «Міне, мынадай актриса, актриса деген осындай болуы керек» дедім. Өнер адамы ретінде түсінем ғой. Басқа рөлдердерде ойнағаын көргем ғой, осындай образда бірінші рет көрдім. Көргенде Жәудір емес, басқа адам тұрды. Мен соған кәдімгідей сендім», — дейді ол сұқбатында. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0