суббота, 27 июля 2024 г.
icon
474.72
icon
515.17
icon
5.58
Алматы:
icon
27oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

«Шошаңдайсыз да жүресіз»: Гүлзира Айдарбекова тағы елге жақпай қалды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты «мамасының баласы» деп сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: instagram.com/kair_n
Фото: instagram.com/kair_n

«Байқайсыздар ма, оқып та жүрген боларсыздар? Қайраттың ата-анасына біздерге деген ерекше құрметіне разы адамдар 80 пайыз болса 20% і азғырумен отырады, ой мамасының баласы дегеннен бастап мұқатып. Бірақ Алла оның жүрегіне салған мейірімділігін ешкім алып тастай алмайтынына көздері жетер емес және Алланың берген бағымен таласуынан өз ұрпағына зияндық келетініне де күмәні бар не қысқа ойлайды, санасы жетпейді. Мынадай мәтелдер жәйдан-жәй емес. «Ата-ананы құрметтеңіз, олар сияқты сізді ешкім, ешқашан жақсы көре алмайды», «Ата-ананың ақ батасы сені үлкен жетістіктерге жеткізеді».

«Жануар азық үшін торға түседі, ата-ана бала үшін отқа түседі»

«Ата-анаң үшін не істесең, балаларыңнан соны күт!» Мәтелдер ұнап жатса, ойыңызға түйіп, сізде ойыңызда жүрген мәтелдерді жаза кетіңіз! «Жақсы сөз жарым ырыс!»

О адамдар, жақсы сөйлейікші, бір-бірімізге жақсылық жасайықшы, сол кезде елімізге де Алла әр отбасына да, жақсылықтың нұрын төгеді, мүмкін өзгеру және өзгерту өз қолымызда!», — деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Ал әлеуметтік қолданушылары Айдарбекованы тағы да сынға алды. Олар: «Ылғи осылай жақтаудан шаршамадыңыз ба? Үлкен адамның өміріне араласып неңіз бар?», «Қыстырылып, шошаңдайсыз да жүресіз, түк жараспайды», «Ұят екен үнемі ұлын осылай жақтау» деп жаза жөнелді.

Что думаете об этом?
Нравится 16
Мне все равно 28
Забавно 3
Сочувствую 3
Возмутительно 2