четверг, 27 июня 2024 г.
icon
463.77
icon
495.49
icon
5.31
Алматы:
icon
30oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

«Футболда жемқорлық бар екенін бәрі біледі»: Қазақстандық футболшы базарда қосымша табыс табуға мәжбүр екенін жасырмады

Футболшы Димаш Қашкен қазақ футбол клубындағы алатын жалақы мен қазіргі футболдың жай-күйін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Aissaule Bakytbek-Kaidarova youtube-арнасына берген сұхбатында ала доп шебері әр кезеңде жалақысы әртүрлі болғанын айтты.

«Табысты негізі айтпайды ғой. Бірақ аз береді деп айта алмаймын. Айына 10 млн, кейде 15-20 млн дейін беріп жатады. Жас футболшылардың ішінде 1 млн теңге алатындар бар. Бірақ мен тек доп теуіп қана күн көріп отырған жоқпын. Серіктесім екеуміз Қытай мен Ресейден телефон әкеліп сатамыз. Жеткізушілер жақсы баға ұсынғасын, келісім бердік. Негізі табысым деп осы бизнесімді айта едім», — деді футболшы.

Сонымен қатар спорт саласының өкілі, қазақ футболының не үшін дамымай жатқанына да анализ жасап көрді.

«Қазақстанда футболдың даму деңгейі өте төмен. Қиын жағдайда тұр десем де болады. Сондықтан бірден шетелге шыққан дұрыс. Жыл өткен сайын Қазақстандағы футболдың деңгейі төмендеп барады. Қазақстандық, шетелдік футболистерге жағдай жасалмаған. Футболда жемқорлық бар екенін бәрі біледі, бірақ ештеңе істемейді», — деді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1