Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін өткен аптада өнер иелері жазаланғаны белгілі. Қамаудан шыққан Тұрсынбек Қабатов концертінде әзілмен өзі 5 күн, әріптестері әлі де демалып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Тұрсынбек Қабатов жиналған жұртшылықтың алдында 5 күн демалып, кейін концертке тиянақты дайындалғанын айтты. Сондай-ақ, қамауда отырған әріптестері Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа жайлы сөз қозғады.
«Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. «Бір демалу керек еді» деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп, демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау, 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негізі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдап жатыр. Жігіттер демалып жатыр», - деді Тұрсынбек Қабатов.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ұшақ бортында төбелескені үшін 15 тәулікке қамауға алынған.