пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
20oC
1xadv
×

Шымкентте «Этномәдени бірлестіктер және салт-дәстүр сабақтастығы» фестивалі өтті

Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақтан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Этномәдени бірлестіктер және салт-дәстүр сабақтастығы» фестивалі өтті.

Қазақстандық этностардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған облыстық салт-дәстүрлер сабақтастығы фестивалінің негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүр арқылы этносаралық қарым-қатынасты нығайту, ішкі бірлікті дамытуға үлес қосу.

Фестивальге қатысушы облыстық этномәдени бірлестік өкілдерінің тарапынан негізінен отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер көрермен назарына ұсынылды.

Әр топ өздерінің ұлттық құда түсу, қыз ұзату және келін түсіру дәстүрлерінің ерекшеліктерін, өзіндік қасиеттерін барынша тереңінен көрсетуге тырысты.

Конкурсқа көнекөз қариялармен бірге жас буын өкілдерінің қатысуы, олардың ұлттық санасын жаңғырту жолындағы ізденістерін арттыру – негізгі міндеттердің бірі болып табылғандығын айта кету керек.

"Қазақстан халқы Ассамблея­сының жылын ұйымдастыру үшін ел Үкіметі тарапынан Ұлттық іс-ша­ралар жоспары бекітілді. Соған сәйкес, аудан, қала әкімдіктерінен, об­лыстық басқармалардан тиісті ұсы­ныстар жинақталып, Оңтүстік Қазақстан облысында ұй­ымдастырылатын шаралардың кең ауқымды жоспары дайындалды. Ме­рейлі жылды ақпараттандыруға бай­­ла­нысты журналистер пулы жа­­сақталып, 20 жылдыққа арнап об­лыс­­­тық ассамблея тарихы туралы по­­­лиграфиялық материалдар шығарылды, «Ме­нің Қазақстаным» атты музы­ка­лық фестиваль ұйымдастырылды",– де­ді Оңтүстік Қазақтан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Е.Байқонақов.

Фестиваль қорытындысы бойынша бас жүлде - «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігіне бұйырды. Ал, бірінші орынды облыстық славян этномәдени бірлестігі алса, екінші орын – татар-башқұрт этномәдени бірлестігіне, үшінші орын өзбек этномәдени бірлестігіне бұйырды. 

Қатысушы барлық командаларға дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0