пятница, 3 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Достық пен ынтымақтастық мерекесі

Оңтүстік Қазақстан облысында қырғыз этномәдени бірлестігі тіл және мәдениет күні мерекесін атап өтті.

Аталмыш мерекеге келген құрметті қонақтардың қатарында көршілес Қызылорда облысындағы қырғыз этномәдени бірлестігінің өкілдері де болды. Сонымен қатар, Ош қаласынан келген, Қырғызстанның белгілі «Салтанат» фольклорлық ансамблінің қобыз, чопо-чор, қылқияқ ұлттық музыкалық аспаптарында өнер көрсетуі айтарлықтай мерекелік тарту болды.

Шымқалада алғаш өнер көрсеткен ансамбль мүшелері «Оңтүстік Қазақстан облысының қонақжайлылығы мен көрермендердің жылы қабылдағаны біз үшін үлкен құрмет», – деп ағынан жарылып, алдағы уақытта жиі келуді жоспарлап отырғандықтарын айтты.

«Мұндай дәстүрлі мерекені атап өту қазақстандық түрлі этностарға әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктерін, әдебиеті мен өнерін танытудың мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар, көршілес жатқан елдер мен бауырлас халықтар арасындағы мәдени қарым-қатынастарды нығайту болып табылады», - деді өз сөзінде облыстық қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Аблай Рыспеков. - Үстіміздегі жылдың тамыз айында Есіккөлдің жағасында Қазақстан, Ресей, және т.б. ТМД елдерімен қатар, Италия, Нидерланды, Жапония сияқты елдердің өкілдері жиналған қырғыз мәдени бірлестіктерінің халықаралық форумында елдер арасында достық пен бауырластықты одан әрі дамыта түсетін тың идеялар мен мүмкіндіктер жобасын алып келдім.

Бұл кеште қырғыздың кең танымал ырлары, көне ұмыт қалған әндері және жаңадан насихатталып жүрген туындылары да шырқалды.

«Артта қалған тарихымызға көз жүгіртсек қазақ елі қай кезеңде де қонақжай болып, сырттан келген жолаушыны құшақ жайып қарсы алған. Ал ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қырғыз бауырларын бауырына басып, қиын-қыстау кезеңде қол ұшын беріп, әрдайым қолдап, сүйеп жүрген қазақ халқының кең пейілін бүгініміз бен кешегіміз дәлелдейді. Бүгінімізді – көпұлтты мемлекеттің ауызбіршілігін арттырып, берекесін келтіріп отырған Елбасының ерен еңбегі мен салиқалы-салдарлы саясатының арқасында жеткен татулық пен бірліктен көрсек, кешегімізді – «Манас» дастанында көрініс тапқан жолдар баяндайды, - деді этномәдени бірлестік төрағасы.

А.Рыспеков алдағы уақытта бірлестік жанынан әжелер хорын құру жоспарының бар екенін атап өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0