+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
02.12.2015 в 09:48

Жастары арасында сурет салу байқауы өтті

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 20 жылдығы және Тұңғы президент күніне орай Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар  орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудандық білім бөлімі және «Жас  Отан» жастар   қанатының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным! Менің Президентім!» тақырыбында   асфальтқа  сурет салу байқауы  өтті, - деп хабарлады Мақтаарал аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Гүлнұр Сұлтанова.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға, жас ұрпақты  тарихи-мәдени және   рухани  құндылықтарды  бағалауға, жастар  арасында  дарынды  суретшілерді анықтауға, жас суретшілердің кәсіби шеберлігін арттыруға, жас ұрпақтың  ой - өрісін кеңейтуге  бағытталған іс – шара Жетісай қаласы Жеңіс алаңында  өтті.

Іс – шараға қала, кенттер мен  ауылдық округ мектептеріндегі оқушылар  қатысты. Конституция  күніне арналған бұл  іс – шараны    аудандық ішкі   саясат бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы ОмарЕсенбеков және білім бөлімінің  әдіскері Шыңғысхан Тілеуқабылов қатысып, жарысты ашып   берді және көпшілікті Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мен Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, байқауға қатысушы жастарға сәттілік тіледі.   

Үш сағатқа  созылған байқауды ұйымдастырушылар бекіткен  әділ   қазылар бағалап, қорытындылады. Нәтижесінде  І – орынды Ә.Молдағұлова жалпы орта  мектебінің  оқушысы Ердәулет Гүлназ иеленсе, ІІ – орын «Сарыарқа» мектебінің  оқушысы  Керімқұл Ардаққа  бұйырды. Ал, жүлделі ІІІ – орынды  «А.Байтұрсынов» атындағы жалпы орта мектебінен  Игілік Бекзат  иеленді.  

«Жас суретші» номинациясы  «Қайнар» мектеп – гимназиясының оқушысы  Рустем Меруертке берілді.  Жеңімпаздар  дипломдар мен бағалы заттай сыйлықтармен марапатталды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика