«Көп ұлтты шаңырақ». Осындай атаумен Кентау қаласында байқау болып өтті. Салтанатты шара Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлі жылына арналып отыр. Іргелі іске мұрындық болған «Астарлы ақиқат» республикалық қоғамдық саяси газеті мен Кентау қалалық білім беру бөлімі.
Кентау қаласында 93 мың халық бар. 30-ға жуық ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. 6 этномәдени бірлестік тіркелген. Барлығының мақсаты бір, мүддесі ортақ. Байқауға 8 команда қатысты. Әр ұлттың өкілдері өздерінің салт – дәстүрлерін көрерменге көрсетіп, ұлттық тағамдарын әзірлеп, өзара бақ сынады.
Гүлдана Исмагилова, Кентау қалалық білім беру бөлімінің әдіскері;
«Бұл байқау кестеге сәйкес бүгін Кентау қаласында өткізіп жатыр. Жалпыға 15 ауданның барлығында өткізеді. Және де жеңімпаздарымыз республикалық байқауға жолдама алады. Бұл көп ұлтты шаңырақты байқаудың мақсаты қазақ халқы Ассамблясының 20 жылдығына орай өткізгелі отыр. Мақсаты Ұлттар арасындағы сыйластықты, достықты нығайту. Қәзіргідей осы жалпы мектептерімізден 23 мектпп болса соның 8 оқушысы іріктеуден өтіп, 8 оқушысы осындай қалалық жарсқа қатысып отыр».
Байқауға қатысқан әр команда 5 сала бойынша өнер көрсетті. Бұл жолы кәріс ұлтының қыз-жігіттері ерекше көзге түсіп, бірінші орынды иеленді. Қазақ пен Славян ұлттарының атынан қатысқан қатысушылар екінші және үшінші орындарды иеленді.
Енді, «Көп ұлтты шаңырақ» атты байқау облыстық деңгейде де ұйымдастырылады,- дейді мамандар. Бүгін жүзден жүйрік шыққандар сол байқауда Кентаудың намысын қорғайтын болады.