вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.51
icon
522.84
icon
4.81
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-3oC
×

Е.Байқонақов: «Олар елдегі бейбітшілік сақтауға үлес қосып келеді»

Оңтүстік Қазақстан облысында 108-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатса, соның бәрі де өңірдің қоғамдық-саяси өміріне, Елбасы саясатын насихаттауда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсене араласып келеді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Байқонақов айтты.

Ербол Байқонақовтың  айтуынша, облыста барлық этнос өкілдері де елдегі бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылықты сақтауға үлесін қосумен бірге, өздерінің ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін дамытуға атсалысуда.

«Биыл ҚХА жылы аясында көптеген шаралар атқарылды, соның ішінде әр этнобірлестіктің мәдени күндері өткізілуде. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атап өткеніндей, Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі рөлі жыл санап артып келеді. Сондықтан алдағы уақытта да атқарылар іс аз емес» деді ол.

Мәселен, 2015 жылғы 31 шілде-2 тамыз күндері аралығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды жүйелі түрде жүргізуді қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі ОҚО бойынша департаментімен бірлесіп этномәдени бірлестіктер өкілдерімен оқыту курстары жүргізілді.

Мемлекет Басшысының 5 институционалдық реформасын іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын аудан тұрғындары арасында түсіндіру бойынша бөлім қызметкерлері қала, аудандарға іссапарларға шыққан топ құрамында болып, түсіндіру жұмыстарына қатысты.

2015 жылғы 21-30 қыркүйек пен 12-15 қазан күндері аралықтарында өткен «Оңтүстік-достық мекені» жобасы аясындағы аудан, қала жастарымен кездесулерде мемлекеттің жүргізіп отырған этносаясатын насихаттау, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы кең көлемде ақпараттар берілді. 

2015 жылғы 22 қыркүйекте облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы тарапынан ұйымдастырылған «Қазақстан халқы тілдері» күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай  Әдет-ғұрып және салт-дәстүр  орталығында өткен «дөңгелек үстел» отырысына ЭМБ басшылары қатысып,  ой-пікірлерімен бөлісті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0