воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-1oC
×

Әуежайда шу шығарған түрік азаматы борт серікке қазақ тілін тегін үйретпек

Астанадан Алматыға қарай ұшқан жолаушы Оғыз Доған ұшақтағы шудан соң әп-сәтте танымал болды. Оның әрекетін көптеген қазақстандық дұрысқа балап, тіпті қолдай түсті, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Көпшілікке қазақ тілінің жанашыры атанып кеткен түрік азаматы енді мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген борт серікке тегін сабақ беруге дайын екенін мәлімдеді. Яғни, ол егер стюардесса үйренгісі келсе, қазақ тілін ешбір ақысыз үйретпек. Бұл туралы Оғыз Доған мырза өзінің желі парақшасында жазды.

Еске сала кетсек, тамыз айында Астана-Алматы бағытына ұшқан түрік азаматы борт ішінде стюардессадан қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етіп, шу шығарған болатын. Мұнан соң өзгелерге қауіпті туғызды деген айыппен жолаушы азаматты полицейлер ұстап әкетіп, оған айыппұл салынды. Бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған Оғыз Доған тұтастай бір елдің мемлекеттік тілнде қызмет алғысы келгені үшін салынған айыппұлды ұятқа балады.

Тағы оқыңыздар: Ақсақалдың биіне ілесе алмаған асаба ұятқа қалды (ВИДЕО)

«Маған 6800 теңге айыппұл салды. Ол ешнәрсе емес, негізі бұл мәселе бойынша бір тиын да айыппұл салу ұят. Егер бұл ұлттық әуе компаниясы болса, Қазақстан азаматы орыс па, қазақ па маған бәрібір, мемлекеттік тілді қорлағаны үшін компания орыс қызын (автор: орыс тілінде ескерту жасаған бортсерік) жауапқа тартып, шара қолдану керек. Сосын орыс қызы менен емес, қазақ халқынан кешірім сұрауы керек. Мен соны талап етіп отырмын, маған ешнәрсе керек емес. Бұл менің ғана емес, қазақ ұлтының проблемасы. Біз барлық ұлттарды құрметтейміз, қазақ елін, қазақтарды, қазақ тілін құрметтеуді де сұрауға біздің қақымыз бар», - деген болатын жауапқа тартылған жолаушы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0