Астанада тағы бір автокөлік өзенге түсіп кетті (ВИДЕО)

Астанадағы Есіл өзеніне тағы бір автокөлік түсіп кетті. Көлік салонында болған екі адам аман болғанымен, жедел жәрдем оларды ауруханаға алып кетті. Куәгерлер оқиғаны бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген.

Жол көлік оқиғасы 14-нен 15-не қараған түні «Keruyen city» сауда ойын-сауық орталығының маңында орын алған. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, автокөлік ішінде жүргізушіден бөлек бір жолаушы болған. Екеуі де жедел жәрдем қызметінің көмегімен жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліпті.

Айта кетейік, қазан айының 26-сы күні Астанада көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, темір қоршауға соғылып, өзенге түсіп кеткен болатын. Судың ішіндегі көлік төтенше жағдайлар департаментінің арнайы технкасының көмегімен шығарылған еді.

В статье:
Loading...