понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-5oC
Астана:
icon
-3oC
×

Павлодар облысының медициналық мекемелері бюджетке 4,2 млн теңге кіріс әкелген

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Павлодар облысының медициналық мекемелері өңір бюджетіне 4,2 млн теңге кіріс әкелген, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында қаржы басқармасының басшысы Ильдар Хасенов мәлім етті.

«Облыстық наркологиялық диспансер  11,5 млн теңге, Ертіс аудандық балалар ауруханасы 9,2 млн теңге, облыстық балалар ауруханасы 6,4 млн теңге, № 1 қалалық аурухана 5,4 млн теңге және Ғ.Сұлтанов атындағы аурухана 4,6 млн теңге қазынаға жоспардан артық табыс әкелген. Өңірдің коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірісмөлшерлемесінің артуына және өсімпұлды өндіріп алудың нәтижесінде 14 млн теңгет үскен», — деді  Ильдар Хасенов.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек,  биылғы жылы бірінші жарты жылдықта өңір бюджетіне 62241,8 млн теңге түскен. Бұл жоспардан тыс 102,8 пайызды құрайды. Осылайша, есептік кезеңде түсімдер 1686,6 млн теңгеге асыра орындалған. Бірінші-үшінші санаттағы кірістер бойынша түсімдер 115,3 пайызға орындалып, 12735,7 млн теңге түскен.

Айта кетерлігі, биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Павлодар аудандары мен Екібастұз, Павлодар қаласында 12 денсаулық сақтау мекемесі күрделі жөндеуден өтуде. Бұл мақсатта 215, 6 миллион қаражат бөлінген.

Сонымен қатар облыстық бюджеттен Ертіс орталық ауруханасы, Екібастұз қалалық ауруханасының терапевтік және хирургиялық бөлімдерінде, Павлодар қалалық №1 ауруханасында 392 миллион теңгеге жөндеу жүргізіледі.Маусым айында басталған жөндеу жұмыстары қарашада аяқталады деп жоспарлануда.

Еске сала кетейік, былтыр Павлодар облысында бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінің жалақысын арттыруға аймақ қазынасынан 363 миллион теңге бөлінген. Дегенмен Үкіметтің еңбек ақыны көтеру туралы хабарламасынан өңірдің шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін 20-дан астам медициналық ұйымдары тыс қалғанмен, әлеуметтік әділеттікті сақтау үшін облыс бюджетінен қосымша 363 млн теңге бөлінді.

Өңірдің денсаулық сақтау саласына жұмсалатын бюджеттік шығындары 2016 жылы 9,6 млрд теңгеден астам соманы құрайды: оның ішінде 7,9 млрд теңге - тегін кепілдік беретін медициналық көмекке, 1,6 млрд теңге – вакцина сатып алуға, 306,7 млн теңге – обыр және қант диабетімен ауыратын науқастарға жұмсалады.

Бұдан басқа, республикалық бюджеттен аудандық емханаларға – 9,8 млрд теңге, онкологиялық ауруларды емдеуге – 1,8 млрд теңге және дәрі-дәрмек сатып алуға – 2,9 млрд теңге қосымша трансферттер жоспарланған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0