пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

Павлодар облысында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген қаржы толық игерілген

Павлодар облысында «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға бөлінген қаржы есептік кезеңде толық игерілген, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында облыстық қаржы басқармасының басшысы Ильдар Хасанов мәлім етті.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 16 жобаны жүзеге асыруға 4 млрд 312 млн 800 мың теңге бөлінді. Оның 4 млрд 229 млн 500 мың теңгесі - ұлттық қордан, 83 млн 300 мың теңгесі - облыстық бюджеттен. Бұл қаражатқа Ақсу қаласында 280 орындық балабақша салынып, «Сарыарқа» тұрғын үй кешінінде орналасқан № 4,5,6,7,8,9,10 үйлер көріктендіріледі. Сондай-ақ бағдарлама аясында Кенжекөл ауылына су құбыры тартылып, Екібастұзда 21-ші шағын аудандағы тұрғын үй мен сумен қамтамасыз ету жүйесі қалыпқа келтіріледі. Биылғы жылы жоспар бойынша қаржы толық орындалды», - деді Ильдар Хасанов.

Басқарма басшысының айтуынша, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 5 млрд 843 млн 900 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде 1 млрд 112 млн 800 мың теңге - мақсатты трансферттер және 4 млрд 731 млн 100 мың теңге - облыстық бюджеттен.

Бағдарлама аясында Павлодарда құны 689 млн 100 мың теңге тұратын тазарту құрылғыларын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Есептік кезеңде жоспар бойынша 229 млн теңгенің 136 млн 300 мың теңгесі немесе 59,5 пайызы игерілген. 92 млн 700 мың теңге мердігердің келісімшарт бойынша міндеттерін орындамауына байланысты игерілмей қалған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлерді қолдауға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 3 млрд 980 млн 400 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде 3 млрд 859 млн 200 мың теңге трансферттер болса, 121 млн 200 мың теңге жергілікті бюджеттен. Бұл қаржыға Кеңес ауылдық аймағында «Маяк» ШҚ-ның шаруашылығына мал азығы мен жемшөп өсіру үшін суармалы учаске салу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Лебяжі ауданы Қызылағаш ауылдық округінің аумағында «Дәнекер» ШҚ мен «ЭМПК» ЖШС-на суармалы жүйелер орнатуға және 1 млрд 126 млн 300 теңгеге Ақсу қаласында «Ақсу» жылыжай кешеніне инженерлік желілер тарту қарастырылған. Бүгінгі таңда жоспарланған 2 млрд 484 млн 600 мың теңге меңгерілді.

Бұдан басқа, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаржының 96,1 пайызы игерілді. Осы мақсатта 4 млрд 823 млн 800 мың теңгенің 1 млрд 226 млн 700 теңгесі орындалған. 1-шілдеге дейін 1 млрд 276 млн 200 мың теңге игерілуі тиіс.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0