Қыркүйек айының бірінші жексенбісі - мұнайшылар күні. Осы айтулы күнге орай, Ақтау қаласында Маңғыстау мұнайының 55 жылдығы мен «Жетібаймұнайгаз» Өндірістік басқармасының 50 жылдығы кең көлемде атап өтілді, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Салтанатты жиынға Маңғыстау мұнайын алғаш ашқан ардагерлер, мұнайшылар мен жас мамандар қатысты. Аймақ басшысы Алик Айдарбаев Маңғыстау мұнайының ашылу тарихына тоқталып, жиынға қатысушыларды кәсіптік мерекесімен құттықтады. Сондай- ақ, шара барысында мұнай саласында еңбек етіп, тер төгіп жүрген мамандар Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Осыдан дәл 55 жыл бұрын Жетібайдың жазығынан алғаш мұнай бұрқағы атылды. № 6 бұрғылау ұңғысынан 53 метр биіктікке атылған мұнайды ауыздықтауға 3 күн кетті. Осы күннен өңірге үлкен өзгерістер келді. Бұрын малмен отырған аймақтың экономикасы дамып, қазір мұнай-газ саласындағы ел экономикасының көшбасшысы болып тұр. Мұнайшыларды құттықтай келген Алик Айдарбаев қара алтын тарихына да тоқтала кетті.
Мұнайшылардың дүбірлі тойында ардагер мұнайшылар аса ардақталды. Олардың қисапсыз еңбегі мен жанқиярлығы жас ұрпаққа үлгі. Жиынға қатысқандардың арасында Жолдас Тоқжанов, Дари Тоқжанова, Санатбай Масатов, Сәмен Нұрхасанова, Қайып Азанбаев, Нұрмұхан Қанатбаев, Тұрмұханбет Кенебайлар бар.
Астанадан аманат арқалап келген Серік Әбденов С.Мыңбаев пен Кулибаевтың атынан құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге шапан жапты. Сондай- ақ, мұнайдың әр саласында қызмет етіп жүрген мұнайшыларды Құрмет грамоталарын, алғыс хаттарын табыстады.
-
«Вселился демон»: Алматинка убила сына, кошку и себя26.01.2023, 12:00Житель Туркестанской области «купил» в жены школьницу за 600 тыс тенге26.01.2023, 07:11Баласы шетінеп кеткен Әсел Асқар күйеуінің оны үйден қуып шыққанын айтты26.01.2023, 16:04Новорожденному в Атырау сделали надрезы лезвием на лице26.01.2023, 11:08Женщина сожгла новорожденного: Начато досудебное расследование26.01.2023, 20:10Белгілі әнші Сейіл Аяған өмірден озды26.01.2023, 12:42
-
10:15На 45 году жизни скоропостижно скончалась новоизбранный сенатор10:09Уят долой, или Откровенно о ВИЧ-инфицированных в Астане09:56Талдыкорганец устраивал собеседования для наркоторговцев в Сети09:42Пригласил убрать квартиру, избил и надругался: Алматинка рассказала подробности09:28Почти 1,8 тыс казахстанцев лечатся от КВИ09:13Почем продают доллар в обменниках РК перед выходными08:50Фильмы о Гарри Поттере исчезнут из российских онлайн-кинотеатров08:05Таксистов в Казахстане массово штрафуют за назойливое приставание в общественных местах07:27Актюбинца лишили пенсии из-за «двойника» в России06:48Скандал в школе ЗКО: Ученики приносят на уроки алкоголь06:00Прогноз погоды в Казахстане на 27 января05:28Врачи Алматы выходили новорожденного весом 510 грамм03:34Пятиклассника избили до сотрясения мозга в коридоре школы Алматинской области02:28Сколько заработала Елена Рыбакина после сенсации на Australian Open-202301:35В Шымкенте в частном доме с четырьмя детьми произошел взрыв