суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Депутаттардың бірі «Әкім» фильмін «жарнамаласа», екіншісі қасында ұйықтап отыр

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде Қазақстандағы ең қарт депутат, 83 жастағы Владислав Косаревтің «ұйқыны сойып жатқан» видеосы желіге тарап кетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоны экономист, блогер Дәулет Төлеутайұлы Instagram-парақшасында жариялады. «Депуттардың жұмысы оңай емес», — деп жазылған видеоның астында.

Видеодағы агенттік төрағасының орынбасары Марат Дәуешовті сынға алып, «Әкім» фильмін көруге кеңес беріп жатқан Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембиновтің жанындағы Косаревке еріксіз көз түседі.

Бірі отандық фильмді көруге үгіттесе, екіншісі оны міндетті түрде көруге уәде беруде. Ал үшіншісі, тіпті, «халықтың жағдайын қатты ойлағаны» соншалық, қалың «ойға» кеткен. 

Айта кетсек, «Бір фильм қарап отқандай қарап отырады теледидардан, ауылда не болып жатқанынан мүлде хабарыңыз жоқ», — деп сынаған депутатқа: «Ол фильмді қарамаппын. Міндетті түрде осы жерден шыққасын көремін, интернеттен тауып», — деп жауап берді баяндамашы.

Осындай жиындарда қандай маңызды тақырыптар көтеріліп, қалай шешімін табатыны бүкіл елге жария болған сыңайлы. Осы сәтте бір әзіл еске түсіп тұр.

«Депутаттың әйелі таңертең күйеуін ұйқыдан оятып, «тұр, жұмысыңа барып ұйықтайсың» деген екен».

Белгілі телепродюсер Серік Аббас-шах та осы видеоға қатысты Facebook-парақшасында төмендегідей әзіл-шыны аралас жазба қалдырған:  

«Ауыл шопырының сұрағы: 48 жарым жастағы әріптесі қолын сермеп сөйлеп жатқанда, 83 жарым жастағы мәжіліскер В. Косарев не істеп отыр?». 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0