Алдағы уақытта облыста үш жаңа жоба жүзеге аспақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов мәлімдеді.
Өңір тұрғындар экологиялық таза, сапалы мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және импортқа тәуелділікті азайту мақсатында үш ірі жобаны іске асыру бағытында жұмыстар жасалуда.
Атап айтқанда:
— Қызылорда қаласындағы «Сыр Маржаны» ЖШС базасынан халықаралық стандартқа сай, қуаттылығы жылына 5,0 мың тонна етті терең өңдеп, вакумдық қаптамада ішкі және сыртқы нарыққа шығаратын ет комбинатының құрылысы;
— Шиелі ауданындағы «СырАгро и К» ЖШС-нің 1200 бас МІҚ-ға арналған, тәулігіне 24,0 тн. сүт өңдейтін зауытпен қамтылған тауарлы сүт фермасының құрылысы;
— Қармақшы ауданындағы қуаттылығы жылына 1 500 тонна құс етін өндіретін «Қармақшы құс» ЖШС-нің ет бағытындағы құс фабрикасы.