четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Ерлан Жаңабаев: «Көмір бағасының өсуіне жол берілмейді»

Қызылорда облысының жылу маусымына дайындығы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бұл жөнінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев мәлімдеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Ерлан Мақсотұлы коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстарының 89%-ға, әлеуметтік сала нысандары мен автономды қазандықтардың жөндеу жұмыстарының 99%-ға орындалғанын айтты.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

«Облыс бойынша 1185 әлеуметтік сала нысандарына алдағы жылу беру маусымында  39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын керек. Ал, бүгінгі күні жергілікті тұрғындарға қажетті 163,6 мың тонна көмір отынының 80,4 мың тоннасы жеткізіліп отыр. Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісім-шарт жасау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр», деді сала маманы.

Өңірде тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға көмір отынын сақтап, өткізетін 30 көмір жинақтау қоймалары қалыптастырылған. Оның 5-і Қызылорда қаласында болса, 25-і аудандарда орналасқан. Қысқы маусымға дайындық мәселесі облыстық штабтың бақылауында екенін жеткізді Ерлан Жаңабаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0