пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

«Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында кездесу өтті

Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздағы С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінде «Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында өзге ұлт өкілдері мен жастардың қатысуымен кездесу өтті, - деп хабарлады Арыс қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Кездесуге облыстық «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ташходжаев Фархад Примадходжаевич, «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының аппарат жетекшісі Манап Әлібек Бақытжанұлы, облыстық өзбек этномәдени орталығы жастар қанатының төрағасы Шерметов Нарзулла Файзуллаұлы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Махмуд Сұлтангүл Сәкенқызы, «Жас Отан» жастар қанатының Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арусов Дамир Байдуллаұлы қатысып, тақырып аясында баяндамалар жасады.

«Ассамблея дүниеге келген 20 жылдан бері атқарған қызметі мен жүріп өткен сара жолы қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісінің әлемдік қауымдастық алдында беделді ұйымға айналып, ел қоғамының құрамдас бөлігіне айналғанын көрсетті. Қазіргі таңда бүкіл әлемді шарпыған ғаламдық дағдарыс Қазақстанға да өз салқынын тигізіп отыр. Мемлекетте қоғамдық-саяси тұрақтылық болмай, экономикалық салада жетістік болмайды деген қағиданы тарих әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан Қазақстан халқының бірлігін бұдан әрі жетілдіру міндеті мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналып отыр. Қазақстанның экономикалық дамуы, этносаралық қатынастардың әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалуы, ең алдымен, қазақ ұлтының еншісінде екендігі анық», - деп атап өтті «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Фархад Ташходжаев.

Кездесуге қаламыздағы этномәдени орталықтың өкілдері, жастар, жоғарғы сынып оқушылары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында жер-жерлерде атқарылып отырған игі істер мен еліміздің жеткен жетістіктері, алдағы атқарылар істерде бірлесе жұмыс атқаруға жастарды шақырды.

Кездесу соңында естелікке суретке түсіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық қолдау көрсетті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0