+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
26.11.2015 в 09:05

Оңтүстікте Ассамблеяның 20 жылдығына орай көптеген игі істер атқарылды

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне көмек көрсету мақсатында республикалық «Асар» әлеуметтік акциясы аясында 18 және 9 қыркүйек күндері аралығында ардагерлерге арналған 20 қан қысымын өлшегіш құралын тарату акциясы ұйымдастырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ербол Байқонақов есептік баяндамасында мәлім етті.

Жалпы, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысында көптеген игі істер атқарылды. «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысының баяндауынша,2015 жылғы қазан айында «Қазақстан халқы Ассамблеясы: құрылуы мен қызметі», «Қазақстанның көпэтностылығының қалыптасу жолдары», «Этносаралық қатынастарды конституциялық құқықтық реттеу және «Ел бірлігі» доктринасы», «Этнический состав населения и этнокультурные обьеденения Южно-Казахстанской области», «Достық шыңы – келісім шыңы, Вершина дружбы – пик согласия» кітапшаларының әрқайсысы 215 данадан шығарылып, қазіргі кезде тиісті орындарға таратылуда. Бұдан бөлек, «Оңтүстік Қазақстан облысындағы этномәдени бірлестіктердің қызметі» атты имидждік фотоальбом кітабы 1000 данамен шығарылу үстінде.

«Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің  қазақстандық үлгісіне» арналған ғылыми жобасы конкурсы және «Жаңа ойлар табысқа жетелейді» атты үздік инновациялық республикалық конкурсына қатысушы үміткерлер анықталып, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-не жолданды. 

«2015 жылғы 25 шілде күні Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінде республикалық өзбек этномәдени бірлестігі тарапынан өткізілген «Заманауи Қазақстан қоғамындағы әйелдің көпфункционалдығы және жетістіктері» атты республикалық форумына бөлім эксперті А.Тұрғымбаева қатысып, «Қазақ тілі-Мәңгілік елдің рухани негізі»  тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, бөлімнің эксперті Ғ.Маймақов тұрақты түрде Елбасының «Ұлт Жоспары» 100 нақты қадам тапсырмасы шеңберінде жергілікті тұрғындармен өткізіліп жүрген кездесулерге тұрақты қатысып келеді», ― деп атап өтті Е.Байқонақов.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

Новости Казахстана

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика