вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-5oC
×

Оңтүстік Қазақстан облыстық ҚХА-ның кеңейтілген кеңесі өтті

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесі өтті. Мәжілісті облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары - ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов жүргізіп отырды.

Кеңес отырысына қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ғылыми-сарапшылық топтың, аналар кеңесінің мүшелері, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

«20 жылдық тарихы бар ұйым елдің саяси жүйесінің маңызды бір бөлігіне айналып, ол Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен этностардың мүдделерін, құқықтарын бір арнаға түйістірді. Әрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті. Түптеп келгенде, Ассамблея еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды ұйымның бірі болып саналады. Осының нәтижесінде әрбір қазақстандық кең ауқымды ойланып, достық пен өзара түсіністікті бағалауға жетелеу жолында жемісті еңбек етуде. Осыған байланысты бұл ұйым мемлекетімізді мекендейтін эстнос өкілдерін бірлікке шақырып, елдегі демократияның қалыптасуына да тікелей атсалысуда. Ел Президентінің бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік, ұлттық саясатты дамыту мен жетілдірудің ерекше маңызды құралы болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде елді біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, татулықты нығайтуда аса маңызды қызмет атқаруда», - деп атап өтті М.Қалмұратов. 

Мәжілісте облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Қалыбекова Асма Ахметқызын 70 жасқа толуына орай облыс әкімінің орынбасары Е.Айтахановтың құттықтау хаты оқылып, арнайы сый-құрмет көрсетілді. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымдығына Оспаналиева Рәшкүл Жәлелқызының  кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан сайланды. Р.Оспаналиева облыстық мәслихаттың депутаты, «Саясаткер әйелдер» клубының төрайымы, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады.

Сондай-ақ, «Оңтүстік Қазақстан облысы халқының мәдени мұрасын жаңғырту және сақтау арқылы этносаралық және конфессияаралық келісімді дамыту» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың профессоры, п.ғ.д., облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарпашылық топтың жетекшісі А.Қалыбекованың баяндамасы тыңдалды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» атты республикалық тарихи-мәдени экспедициясын ұйымдастыру және өткізу мәселесі басты назарда болды. Мәселені талқылауға мәжіліске қатысушылардың барлығы белсене атсалысты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0