суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-7oC
×

Павлодарда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында «KSP Steel» ЖШС-на 54 түлек жұмысқа орналасқан

Павлодарда соңғы екі жылда «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында жұмысқа қабылданған 59 түлектің 54-і кәсіпорында тұрақты еңбек етуде, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аталмыш кәсіпорынның қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы Евгения Ковган мәлім етті.

«Жыл сайын «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында қабылданатын жастардың саны артуда. Мәселен, 2015 жылы жоғары және арнайы оқу орындарынан 38 түлекке тұрақты жұмыс орны ұсынылса, биыл 18 түлек кәсіпорында тәжірибеден өтуде. Соңғы екі жылда орналасқан 54-і адамның бесеуі әскер қатарына шақырылуына және қоныс аударуына байланысты босатылған.  «KSP Steel» ЖШС-на қақтаушы, электромонтер, электр-газбен дәнекерлеуші, қырнаушы, жүкті қабылдап-тапсырушы және тағы басқа мамандарды қабылдау жүргізіледі . 2016 жылы жұмыспен қамтуды үйлестіру орталығына жіберілген өтініш бойынша кәсіпорынға қажет 60 маман екі қолға бір күрек тапты. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында арнайы курс бойынша біліктілігін жетілдірген бір топ кран машинистері жұмысқа орналасты», — деді Евгения Ковган.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Қашкенованың айтуынша, өңірде малшылар мен бақташылар, тракторшы мамандары тапшы. Бүгінгі таңда облыс бойынша 3000-нан астам бос жұмыс орны бар. Бұл былтырғы кезеңге қарағанда екі есеге артық көрсеткіш. Көбінесе Екібастұз, Ақсу қалаларында өндіріс саласына және аудандарға ауыл шаруашылығы мамандары қажет. Тіпті, Железин, Баянауыл аудандарының кәсіпкерлері жұмыспен бірге баспана беруге дайын. Алайда жастардың көбі ауылға барғысы келмейді. Оған қаламен салыстырғанда ауылдық аймақтарда еңбекақының төмендігі де себеп болады. Сондықтан қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарына «екі қолға бір күрек іздеп жүрген» азаматтарды шақыру мақсатында хат жолданған.

«Бос жұмыс орны туралы ақпараттар ай сайын екі рет облыс әкімдігінің  және жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайттарында жарияланады. Биылғы жылы облыс бойынша 8038 кәсіпорынмен 3429 келісімшартқа қол қойылған», — деді Хелуа Қашкенова.

Айта кетерлігі, өңірдегі аса ірі кәсіпорындардың бірі болып табылатын «KSP Steel» ЖШС-нда бүгінде 4000-нан астам адам жұмыс істейді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0