четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

ОҚО Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығына келгендерін дін мәселесін талқылады

Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығына келген мемқызметкерлер дін өкілдерімен кездесіп, «Халықаралық лаңкестік қауіпі» тақырыбында дәріс алды. Іс-шараны ОҚО Дін істері басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің мамандары ұйымдастырып отыр.

Кездесуге ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директор міндетін атқарушы М.Бесбаев қатысып, тақырып аясында әзірленген баяндама оқыды. 

Орталық өкілі лаңкестік ұғымына тереңірек тоқталып, келіп шығу жолдарын түсіндіріп өтті.

«Лаңкестік әрекеттерді біздің еліміз бен халқының басым көпшілігі ұстанатын дәстүрлі ислам діні де қолдамайды. Халықаралық лаңкестікпен күрес ғаламдық проблемалардың санатында қалып отыр, оны шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық ынтымақ пен бекемдік танытуы керек. Осы саладағы барлық әмбебап конвенцияларға қол қойған Қазақстан өңірлік антитеррорлық құрылымдардың аясында белсенді жұмыстар атқаруда. Біз Таяу Шығыс елдері мен өзге де әлемде болып жатқан лаңкестік әрекеттермен күресуге өз үлесімізді қосуымыз қажет», — деп атап өтті М.Бесбаев.

Айта кету керек, Елбасымыз Нұрлсұлтан Назарбаев шет елдерге жасаған сапарлары барасында халықаралық ынтымақтастық пен бейбітшілікті сақтау мақсатында көптеген келісімдерге қол жеткізуінің нәтижесінде әлемде лаңкестікпен күресудің бірыңғай шебін құруда Тәуелсіз Қазақстанымыздың орнын айрықша танытып келеді.

Сондай-ақ кездесу барысында курсқа қатысушы мемлекеттік қызметкерлер тақырып аясында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып отырды. Кездесу соңы ұсыныс-пікірлермен қорытыланды.

Жалпы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» соңғы жарты жылдай уақыттан бері облыс аумағында көптеген кездесулер өткізді. Олардың басым бөлігі жастар аудиториясына бағытталған. Басты мақсат – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0