суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Астанада Қазақстан дінтанушыларының VI Форумы өтті

Бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Зайырлылық қазақстандық қоғамның тұрақтылығының негізі ретінде» тақырыбында Қазақстан дінтанушыларының VI Форумы өтті.

Форумға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, «Дінтанушылар конгресі» ҚБ төрағасы Айдар Әбуов, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім секілді  ғалымдар мен дін сарапшылары қатысып, мемлекет пен дін саласының ортақ мақсаттары туралы баяндамалар жасады.

Дінтанушылар конгресінің төрағасы Айдар Әбуовтың пайымдауынша, қазіргі уақытта мемлекет пен дін бірқатар мәселелерде әріптестікті арттыруы керек. Себебі рухани тәрбие адамдардың моральдық мінез-құлықтарын дамытады.

«Зайырлылық мемлекет пен діннің арасында шектеу қоймайды. Қазір елде белгілі ережелер бекітілген, діни бірлестіктер тіркеуден өткен. Діни бірлестіктер халықпен тығыз жұмыс жүргізуі әрі олардың қызметі мемлекеттік саясатпен де үйлесім табуы керек. Республикамызда көптеген шаруалар діннің көмегін қажет етеді. Дін үлкен тәрбие, бағыт-бағдар береді, реттейді, бірақ, мемлекеттік саясат мүддесінен шықпауы тиіс», — деді профессор А.Әбуов.

Қарағанды қаласы «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары, теолог Рүстем Сыздықов Конституцияға сәйкес, әрбір азамат сенім таңдау еркіндігіне ие екендігін, алайда, кейбір діни ағымдар дін атын жамылып мемлекетке зиян келтіретінін атап өтті.

«Бұл жерде басқару түсінігіне реттеу енгізу керек. Жалпы, мемлекетіміздегі зайырлылық – таңсық түсінік емес. Зайырлылық қағидасы дінге қарсы келмейді. Дін саласында да белгілі қағидалар бар, мәселен тағаттылық пен өзара сыйластық мәселелері дінде қамтылған. Біздің мемлекетімізде белгілі бір идеология жүргізілмейді. Әр азамат сенім ұстану құқығына ие. Егер, әртүрлі экстремистік топтар дінді бетперде етіп, мемлекеттік және азаматтық тұрақтылықты бұзуды көздесе мемлекеттік органдар кейбір топтың мүддесін қорғамауы тиіс», — деді Рүстем Сыздықов.

Еске сала кетсек, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ведомство дін мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді жоспарлайтынын мәлімдеген еді. Министр сондай-ақ дін саласындағы ахуалдың саяси және қоғамдық қауіпсіздікте маңызы бар екенін де атап кетті. Ел руханиятындағы жұмыстарды реттеу мақсатында министрлік жуық уақытта алдағы бірнеше жылға арналған дін саласындағы арнаулы тұжырымдаманы әзірлеуді көздейді.

Форумға  ОҚО дін істері басқармасы басшысы Б.Жалмұрзаев және ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директор міндетін атқарушы М.Бесбаев қатысты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: