Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни тұрақтылықты сақтау жқмыстары негізінен төрт бағыт бойынша жүргізіліп келеді. Бұл туралы кеше Түркістанда өткен «Дін – бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ директорының міндетін атқарушы Мәди Бесбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, өңірде экстремизммен және терроризммен күрес жұмыстары жан-жақты жүргізіліп келеді екен. Атап айтқанда:
- елдімекендерде;
- мекемелерде;
- мектеп оқушылары арасында.
- әлеуметтік зерттеулер;
- интернет ресурстарына мониторинг;
- электронды және баспа құралдарына мониторинг жұмыстарын жүргізу.
- ақпараттық-әдістемелік құралдар;
- телебағдарламалар;
- билбордтар;
- бейнефильмдер, бейнероликтер дайындау.
- облыс көлемінде жеке кездесулер;
- деструктивті ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету.
Міне, осы төрт бағыт бойынша оңтүстікқазақстандық дін мамандары мен құқық қорғау органдарының өкілдері бірлесе жұмыс атқарып келеді.
«Қазіргі таңда дін атын жамылған адамдар еліміздің азаматтарын түрлі жолмен адастыруда. Сол үшін ғасырлар бойы ұстанған халқымыздың асыл мұраларын әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлерімізді сақтап, оны жандандыруымыз керек», - деді М.Бесбаев осынау конференция барысында.
Айта кетейік, Түркістанда өткен аталған жиынға отандық және түркі тілдес елдердің дін ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысып, діни қауіпсіздік мәселелерін талқылады.