пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында екінші күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі.

Фото: moldir.auyelbekova/Instagram
Фото: moldir.auyelbekova/Instagram

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын хабарлады. Ол Insta-сторисында желі қолданушылары «Тұрмыстасыз ба?» деген сұраққа «Жоқ» - деп жауап берген.

Әнші жалғызбасты ана болудың қаншалықты қиын екенін айтып, шағымданған оқырманына кеңесін айтты.

«Мен ұлым мен қызыма қарап өмірге деген құлшынысым оянып, күш-жігер аламын. Себебі менде басқа амал жоқ... Балапандарымды бағып, тәрбиелеп, аяққа тұрғызып, жеткізуім керек. Сіз де құлазымаңыз! Еш мойымаңыз! Алла көтере алмайтын сынақ бермейді!», - дейді Әуелбекова. 

Айта кетейік, әнші 2015 жылы Арыстан атты кәсіпкерге тұрмысқа шыққан. Бірақ екі жас бір жарым жылдан соң ажырасқан. Сол кезде Әуелбекова телеарнаға сұхбат беріп, ажырасқалы бері күйеуі ұлын іздемейтінін айтып, жылап жіберген болатын.

Ал 2020 жылы ол екінші рет тұрмысқа шықты. Бұл қуанышты жаңалықты да өнер иесі жеке парақшасында хабарлаған болатын. 

«Ал, халқым! Қасиетті Рамазан айында Алланың қалауымен екі дүркін орамалды болдым! Әлхамдулиллях! Құтты болсын!», – деді Әуелбекова. 

2021 жылдың маусым айында қыз баланы дүниеге әкелді. Бүгінде әншінің бір ұл, бір қызы өсіп келеді.

Оқи отырыныздар: Мөлдір Әуелбекованың бұрынғы күйеуі өзінен 18 жас кіші қызға үйленді

Что думаете об этом?
Нравится 11
Мне все равно 20
Забавно 5
Сочувствую 4
Возмутительно 8