пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Баян Мақсатқызының анасы: Қызымды туған кезде үлкен дау болды

Баян Мақсатқызының анасы Гүлжамал Мұхитденова танымал продюсерді өмірге қалай әкелгенін айтты. Бұл сәттегі қызықты жайттарды айтып берді. Перзенттің дүниеге келуімен даулы оқиға басталғанын еске алды. Одан бөлек қыздары Баян мен Бағым Мақсатқызының мінездерінің екі түрлілігі туралы сөз етті, деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Тимур Балымбетовтын «ЧестноГоворя» деген Youtube шоуында айтылды.

Гүлжамал Мұхитденова үш қызына қатал тәрбие беріп, бала күнінен үй шаруасына араластырған. Тіпті ұл балалардың жұмысын міндеттеген. Бұл өмірге тез үйреніп, алғыр бала болуға жетелейді дейді ол. Ал Баян ханымды өмірге әкелгенде даулы оқиға болғанын еске алады. 

«Баянды 9 қаңтар күні түнде өмірге әкелдім. Дәрігерлер оны қыз деп айтты. Бірақ кейін ұл деп жазды. Дәрігерлер шатасып ұл деп жазыпты. Оны менің күйеуім, енем, туыстарым естіді. Солай ұл деп той тойлатты. Перзентханаға ұл баланы алып кетуге келгенде мен қыз туғанымды айттым. Олар сенбеді. Дәрігердің бәрін шақыртты. Бүкіл перзентхананы енем басына көтерді. Неге шатасасыңдар деп ұрысты. Перзентхана басшысы келіп тексерді. Менің қолыма ұл деп жазған. Мен бірақ қыз туғанымды айттым. Енем бізге ұлды тауып беріңдер деп ұрысты. Сондай жағдайлар да өтті ғой», – дейді продюсердің анасы. 

Гүлжамал ханым әрі қызына әртүрлі мінез деп қарайды. Әсіресе, Бағым Мақсатқызын жиі еркелетеді. Ол кенже болған соң бар жақсыны, әдемі сыйлықты кіші қызына беруге тырысады.

«Анам үнемі Бағымды ойлап жүреді. Оның туған күніне сыйлық алады. Небір әдемі нәрселерді сыйлайды. Үлкен сервис ыдыстар алады. Ал маған кішкентай зат бере салады. Мен себебін сұрасам, ешнәрсе етпейді дейді. Анам әр қызына әртүрлі қарайды. Ал әкем бәріне бірдей. Ешкімді бөліп-жармайды», – дейді Баян ханым.

Анасының айтуынша, Баян ханым оқушы күнінде мектеп формасы үшін үнемі сөз еститін болған. 

«Баян үнемі мектеп формасы үшін сөз еститін. Сол үшін мұғалімдер ескерту айтатын. Ол қысқа киді. Ол мектепке сай емес киінді деп айтып жатады. Мен «егер өзіне жарасып тұрса болды емес пе?» деймін. «Қысқа белдемше кигенде тұрған не бар?» деймін. Баян өзіне ұнамайтын киімді кигісі келмейтін. Сәнқой болды. Сол үшін жиі сөз естіді», – деді анасы.

Оқи отырыныздар: Мөлдір Әуелбекова екінші күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 2
Возмутительно 5