вторник, 7 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

«Егер адамға ұнаса, неге айланыспасқа?»: Белгілі визажист Әділ Хэйнс эскорт тұралы

Алматылық белгілі визажист Әділ Хэйнс эксклюзивті сұхбат беріп, біраз жайттың бетін ашты. Ол еркектер қауымынан үнемі түрлі ұсыныстар түсетінін жасырған жоқ. Қызық болғанда, олардың арасында қалталы ағалар да жетерлік, деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Фото: adilhaynes/Instagram
Фото: adilhaynes/Instagram

– Ашық түрде сұрайын, эскорт қызметімен айналысасыз ба?

– Соңғы кездері маған осы сұрақты жиі қоятындардың дені әлеуметтік желіде өзгелерді еліктіретін болмысты адамдар әдейі істейді деп айтады. Иә, опа-далаппен боянатын қазақ жігітімін. Бірақ бұл ақша үшін интимдік қызмет көрсетемін деген сөз емес. Қуанышқа орай, мен визажистік қызмет арқылы мол ақша тауып, өзімді барлық қажеттілікпен қамтамасыз етіп отырмын. Маған демеушілік қызмет көрсетуге ниет білдіргендер көп. Олардың дені ерлер (бізде трансгендерлерге тенденция бары қызық емес пе?), бірақ мен қарапайым азаматпын. Түрлі жағдайда ағалар нөмірімді тауып, мессенджерге хат жазып, кездесуге шақырады. Олардың арасында депутаттар да бар. Кейін Google арқылы қарап, олардың кім екенін біліп жағамды ұстадым. Эскорт –  адамның жеке таңдауы. Мен бұл жерде ешқандай ұятты көріп отырған жоқпын. Егер адамға бұл ұнаса әрі оны қаласа, неге айланыспасқа?!

– Роза Рымбаеваның макияжы қандай?

– Меніңше Роза Рымбаеваның макияжы классикалық үлгі әрі оған керемет жарасады. Мен Ариана Гранде немесе Ники Минаждың макияжын қуана отырып талқылар едім. Бұл жерде мен ерекше сүйетін әрі қызығатын бір нәрселер бар.

– Әлеуметтік желіде қоқаң-лоққы көрсететіндерге жиі тап боласыз ба? Әлде хейтерлерге мүлдем көңіл аудармайсыз ба?

– Өзімнің блогымды бастағанда маған ашуланып жазған пікірлер, төнген түрлі қауіптер немесе мені іздеп табуға, өлтіруге және т.б. нәрселерге шақыру секілді әрекеттер қатты әсер етті. Алайда төрт жыл ішінде Instagram-да хейтерлерге және олар жазған барлық нәрселерге қарсы иммунитет қалыптасты. Мен олардың өздерінің бос уақыттарын маған құртқан нағыз «Диванбай батыр» екендіктерін түсіндім. Меніңше бұл адамдар әлденеге өкпелі я болмаса әлдеқандай «жарақат» алғандар. Адекват адамдар біреуге өлім тілемейді немесе танымайтын жанды соншалықты жек көрмейді.

– Өзіңіздің сексуалдық бағытыңызды айтыңызшы. Ер адам макияж шебері ретінде табиғи бола ала ма?

– Мен әрқашан өз аудиторияма өзімнің бағдарым туралы сұрақтар қоймас үшін бәрін айттым. Жасыратын нәрсе болғандықтан емес. Егер мен қазіргі уақытта ол туралы сөйлескім келмесе, адамдар менің жеке өміріме кірмеуі керек деп санаймын. Гетеро, бисексуал мен немесе гей арасындағы айырмашылық неде? Менің жыныстық қалауым — бұл интимдік нәрсе, сондықтан адамдар менің төсегіме кіргенін қаламас едім.

– Қазақстанда сіз бір қарағанда жүрегіңізді жаулап алатын адамдар бар ма?

– Мен біздің атақты адамдарымызға жанкүйер емеспін. Көбіне шетелдік атақтыларға қызығушылық танытамын. Бірақ балалық шағымда Қайрат Түнтеков менің жүрегімді жаулап алды. Бұл енді ақиқат!

Оқи отырыныздар: Актер деген арсыз болу керек: Айнұр Ілиясова кинода сүйісуге дайын екенін айтты

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0