суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
446.49
icon
475.38
icon
4.79
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
20oC
1xadv
×

«Актер деген арсыз болу керек»: Айнұр Ілиясова кинода сүйісуге дайын екенін айтты

Қазақстандық танымал актриса Айнұр Ілиясова кинодағы түрлі ашық сәттерге қатысты өз пікірін білдірді. Өнер иесі мұндайға жолдасы қарсы екенін бірден айтты. Алайда, соған қарамастан, ол сүйісу сахналарына түсуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі Kaz.nur-ға сілтеме жасап.

Айнұр Ілиясова актер мамандығын таңдаған адам кез келген «арсыздыққа» дайын болу керек деп есептейді. Актриса мұндай сахналарға қатысты ойын «Ревю» бағдарламасында айтты. 

«Біз актерміз. «Актер деген арсыз болу керек» деп айтатын бізге. Театрда болсын, басқа жерде болсын, киім ауыстыру керек болса, «ойбай, ары қара» деп тұрмайсың. Оған уақыт та жоқ. Киіміңді шешесің, ауыстырасың. Темекіңді тартасың. Шешіну керек болса, неге шешінбеске? Қазіргі кезде, құдайға шүкір, дублерлар да бар. Жолдасым мұндайға қарсы. Бірақ, мен сүйісуге дайынмын», − деді өнер иесі. 

Сондай-ақ, танымал актриса үшінші перзентіне аяғы ауыр. Бүгінде жолдасы екеуі екі қыз баланы тәрбиелеп отыр. 

Интервью барысында Ілиясова неліктен жүктілігін жасырғанын да айтты.

«Қатты ауырдым, жасыруға тура келді», − дейді Айнұр Ілиясова.

Оқи отырыныздар: Пластиқалық отаға 6 млн кетті, қалың малым да дәл сондай сомма болса – Зухра Хакиева

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 7