пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Қайрат Нұртас АҚШ-та Қазақстанның туын көкке көтерді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай АҚШ-та мерекелік іс-шара өтті. Филадельфия қаласында ұйымдастырылған мерекеге композитор Марат Омаров пен әнші Қайрат Нұртас қатысты. Қайрат аталған қалада алғаш рет Қазақстанның туын көкке көтерді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Кадр из видео
Кадр из видео

Бұл сапарға Қайратпен бірге анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова да аттанды. 

«Сүйінші, қазақ елі! Бүгін АҚШ еліндегі Филадельфия қаласында алғаш рет қазағымыздың көк туын желбіреттік. Қазақстан елінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! Елім-жерім деп қыршын жандарын қиған қаншама азаматтарымыздың жандары жәннатта болсын. Жаса Қазақстан!» — деп жазды ол.

Қайраттың өзі де қазақстандықтарды егемендіктің 30 жылдығымен құттықтап, айтулы сәтке куә болғанына бақытты сезінетінін айтты.

«Ассалаумағалейкум бауырлар! Баршаңызды бүгінгі егемен еліміздің тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Мен тәуелсіздікпен бірге өсіп келемін және еліміздің алған асуы мен бағындырған белесі өте көп. Соның бірі шүкір бүгін сіздермен жүздесіп, осынау алып мемлекеттің төрінде көк байрағымыздың көтеріліп жатқаны. Мен үшін осы күнді сіздермен осында атап өту үлкен бақыт!» — деді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 2
Сочувствую 3
Возмутительно 1