Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында Қапшағайға Қонаевтың есімін беру туралы ұсынысты қолдайтынын айтты. Продюсер Қыдырәлі Болманов Қонаевтың есімі елордаға берілсе де аз деген ойын білдірді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.
«Шынын айтсақ,Астанаға Дінмұхаммед Қонаев атамыздың атын берсе де аз. Ол кісінің атымен әр қаланың басты көшелерін атау қажет! Ең мықты білім орталықтарын,университеттердің атын Қонаевтың атымен байланыстырған дұрыс болар еді», ― деп пікірін білдірді Болманов.
Оның ойынша, жастар да, балалар да сол кісіге қарап бой түзеуі қажат.
«Дінмұхаммед Қонаев ― адалдықтың, мемлекетін, ұлтын сүюдің, елін жанашырлықпен, әділдікпен басқарудың үлкен үлгісі! Яғни «символы». Тоқтаусыз айтуға болады», ― деді продюсер.