пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-3oC
×

Бозымбаев Сатыбалдының күйеу баласы болып шықты

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев белгілі журналист Арманжан Байтасовтың YouTube бағдарламасына сұхбатында бірқатар сауалдарға жауап берді. Журналист әкімнің Қайрат Сатыбалдымен қарым-қатынасы туралы сұрақ қойды.

Sputnik / Болат Шайхинов
Sputnik / Болат Шайхинов

«Бұл – таза фейк (күліп). Мен ешқашан Қайрат Сатыбалдымен қарым-қатынаста болған емеспін. Бірақ менің қайын атамның есімі ― Сатыбалды. Ел үшін еңбек сіңірген азамат. Биыл 75 жасқа толады. Еліміздің еңбек сіңірген құрылысшысы. Сонымен қатар, осы жағдайды пайдалана отырып бұрынғы отбасыға да ешқандай туыстық қатынасым жоқ екенін айтқым келеді. Ал бүгінгі күні мені мемлекет басшысының немере інісі деп жүргендердің де сөзі негізсіз, жалған, фейк екенін мәлімдеймін», – деді өңір басшысы.

Ол сұхбат барысында «Жаңа Қазақстанның» қандай болуы керек екенін, Алматы облысының қандай принциптер негізінде бөлінетінін және «Алтын Орда» базарында заңның белден басылғанын атап өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0