суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Жахан Отарғалиев өзін көшеде таныған балақайға телефон сыйлады

Тырнақалды фильмін жарыққа шығарған Жахан Отарғалиев Қазақстан қалаларын аралап, көрермендерімен кездесу ұйымдастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фанаттарымен киноға барып, уақытын барынша тиімді пайдаланып жүрген Отарғалиев Орал қаласында қызық жағдайға тап болды. Актерді көшеде таныған 9 жасар жеткіншек оның көңілін баурап алды.

9 жасар Арсен есімді балақай Отарғалиевті көшеден көріп, қуанып кетті.

«Актер ғой, Жахан. Джохан сила», — айқалаған жеткіншек онымен суретке түсуге ниет білдірді. Мектептен бірге қайтып бара жатқан достарын шақырып «Телефоны барлар, суретке түсіріп алыңдаршы. Сосын 4В тобына жіберіңдер», — деп жұртты бір күлдірді.

Баланың пысықтығына таңырқаған Жахан оған риза болды. Арсен өскенде Жахан сияқты актер болғысы келетінін айтты. Көп ұзамай, Жахан Арсенді тауып алып, оған телефон сыйлады.

«Телефонсыз жүргеніме 9 жыл болды. Басқалардың телефонынан қарап жүрмін», — деген бала Отарғалиевті тағы да күлдірді.

«Менің кішкентай көрерменім. Арсен бұйырса Оралдың атын шығаратын азамат болады деп ойлаймын. Арсен інімді тауып алып, танысып, әңгімелесіп, кішкентай інімнің арманын орындап, сыйлық жасадық. Аман жүр, інім», — деп тілек білдірді Жахан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhahan Utargaliyev (@zhahan_utargaliyev)

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhahan Utargaliyev (@zhahan_utargaliyev)

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 25