«Туған бауырлардың балалары бір-біріне үйлене алады»: Қырғыз имамдарының пәтуәсі көптің талқысына түсті
Ахметбек Нұрсила қырғыз имамадарының пәтуасына қарсы шықты. Кәсіпкер бір туған бауырлардың балалары бір-біріне үйлене алады деген имамдардың сөзін түсіне алмай әлек. Бұл жайт көптің талқысына түсті, деп хабарлайды stan.kz.

Бұл туралы кәсіпкер желідегі парақшасында жазды.
«Мына имамдардың айтуынша ағайынды адамдардың балалары бір-біріне үйлене беруіне әбден болады екен. «Жеті ата өтпей үйленуге болмайды» деген сонда қазақтың надандығы ма? «Шымшық сойса да қасапшы сойсын» дейсіздер ғой. Сонда осы имамдарды, ислам ғалымдарын тыңдасақ не болғаны? Ұрпағымыз азғын болып кетпей ме?», – деп жазды Ахметбек Нұрсила.
Бұған көпшіліктің пікірі екіге бөлінді.
«Ол қазақтың мақалы, оның қырғыздың имамдарына түк қатысы жоқ», — деп жазды заңгер Абзал Құспан.
«Шынымен шариғат осылай дей ме? Онда бұл нағыз сорақылық!», «Осылардың арасында ең ақылдысы, білімдісі марқұм Чубак қажы: ең соңғы видео дәлел: шариғат бір туғанның балалары үйленуіне рұқсат береді, алайда оған салтың қарсы болса алыстан алған дұрыс деп сөзін тәмәмдады. Сол себепті шариғат парыз етпеген нәрселерде әдет-ғұрыппен санасуды ислам жоққа шығармайды», «Онсыз да бұлардың мақсаттары қазақты азғындату ғой, сананы улап, өкініштісі осыларға ұйып жүргендер көп», «Қырғыздардың имамы ау,біздің имамдар олай айтқанын көрмеппін», – деп жазды желі қолданушылары.
Қазақта жеті ата түсінігі әуелден қалыптасқан. Бұл қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді.
Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толған күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған.
-
Астанчан напугала ученица, стоявшая в три часа ночи возле школы04.02.2023, 07:46Женщина облила кипятком соседку в Алматы: Чем закончилось04.02.2023, 20:42В Астане произошла массовая драка футболистов из Кыргызстана и России04.02.2023, 23:20Столичный врач озвучил основные причины рака04.02.2023, 09:15Женщина исчезла по дороге на собеседование04.02.2023, 12:37Президент, не торгуясь, купил камчу на выставке в Таразе04.02.2023, 00:10
-
22:30Пять человек пострадали в крупном ДТП на трассе Алматы - Бишкек22:00Астана лидирует по привлечению иностранных инвестиций21:10Жесткое задержание мужчины в Астане прокомментировали в полиции20:30Годовалый малыш до волдырей обжегся о раскаленную батарею в больнице Актау19:50Начато расследование по факту гибели двух сотрудников нефтяной компании19:10Казахстанская дзюдоистка укусила соперницу: Абилкадирова объяснила свой поступок18:30Россиянка впервые получила титул «Миссис Вселенная»18:00В 4 областях Казахстана объявлено штормовое предупреждение17:25С Байконура запустили первый ракета-носитель «Протон-М» в этом году17:00Казахстан вырвал победу у России по футболу16:30«Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ»: Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты16:01«Не могу удержаться от бешбармака»: Светлана Лобода о казахской кухне и казахских мужчинах15:34Жуткое ДТП попало на видео в Уральске14:59В UFC объявили о следующем бое Конора Макгрегора14:2611-летняя девочка убежала из дома, не выдержав побои отца