суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Зейнеп Ахметова әншілерге тұсау кестіретін жұртты сынады

Жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова баланың тұсау кесу рәсіміне қатысты пікірін жеткізді. Оның айтуынша, халық әулетіндегі қуанышқа өнер азаматтарын ақшаға шақыруды әдетке айналдырған. Әншілер баланың тұсауын кескені үшін қыруар ақша алады екен, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: Alashainasy.kz
Фото: Alashainasy.kz

Қазақтың салт-дәстүрін, ырым-тыйымдарын үнемі тәпсірлеп, насихаттап жүретін Зейнеп Ахметова тұсау кесу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді. Жазушы бос мақтанға салынып, атақты адамдарға тұсау кестіру ел ішінде сәнге айналды дейді.

«Қазір әншілердің, әртістердің екінші мамандығы тұсау кесу болып алды. Бір тұсауды 100-150 мыңға кесетін әртістер бар. Мен таң қаламын, атаққа неге сонша қызығады бұл халық?! Сонда айналаңда, туған-туысқан, жекжат-жұратың, дос-жарандарыңның ішінде баланың тұсауын кесуге лайық бір адамның болмағаны ма?» — дейді Зейнеп Ахметова.

Шынында да, әншілердің тұсау кесіп, баланың аузына түкіріп, бата беріп жүргенін әлеуметтік желіден жиі көреміз. Мәселен, Сәкен Майғазиев Қызылордаға барған сапарында 18 баланың тұсауын кесіпті.

Зейнеп Ахметова тұсау кесетін адамның жүріс-тұрысына, оның өмір жолына ерекше мән беру керек дейді.

«Неге атаққа қарай жүгіресің, керемет атақты әнші болсын, бірақ оның ар жағындағы өмірін сен қайдан білесің?! Кей тойларда қартайған кейуаналар кесіп жатады. Ол өзі талтаңдап, әрең жүрген кемпір кескен соң ана бала қалай жүріп кетеді деп ойлайсыз? Тұсауды бала жүріп кетсін, жүгіріп кетсін деген ниетпен кеседі емес пе?!» — деді Зейнеп Ахметова.

Жазушының бұл айтқанын қостап, түрлі пікір жазып жатқандар көп.

«Атаққа құмарлық шындығында ауру боп, індетіп алған. Мен де, сен де, ол да даңқты болғысы келеді. Бірақ мұның түбіне ешкім үңіліп жатқан жоқ»;

«Зейнеп апамды таңды таңға ұрып тыңдасаң да шөлдеп қалған рухымызды қандыру оңай емес шығар»;

«Зейнеп апамдай келіндер қалыптасу үшін Бауыржан Момышұлындай айбарлы аталарымыз көп болуы керек! Міне, мәселе қайда жатыр»;

«Зейнеп апамыздың айтқаны орынды. Жылтыраған әншілерге тұсау кестіруді тоқтату керек», — деп жазды желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1

В статье: