Әлеуметтік желіде Ресейден еркектер келді деп, ерекше қуанған қазақ қызының видеосы тарады. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады.
«Бір миллион алты жүздей орыс келіп, мәәә, біздің қыздарға бақ қонды ғой. О, май гад болды ғой. Ой, біздің жігіттер өлетін еді. 9 қызға бір жігіттен келеді деп. Орыстардың дәмін бір көретін болдық», — дейді қазақ қызы.
Аталған видео көпшіліктің ашу-ызасын туғызды. Кейбірі онсыз да ашулы қазақтың намысына тию үшін әдейі жасалған дүние десе, енді бірі санасыз қазақ қыздары көп қой деген сынды ой айтты.
«Алла сақтасын осындай ұрпақтан», «Ұят-ай дәмін көргені несі», «Тексіздер көптеп туылады енді», деп жазды ашулы оқырмандар.