суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Қыдырәлі мен Қарақаттың үлкен ұлы болашақ келін баланы көпшілікке таныстырды

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның шаңырағында дүбірлі тойдың ауылы алыс емес сияқты. Жұлдызды жұптың тұңғышы Бекболат сүйіктісін елге көрсетті, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: instagram.com/bolmanov86 / instagram.com/zhamilya_q
Фото: instagram.com/bolmanov86 / instagram.com/zhamilya_q

Бекболат Болманов әлеуметтік желіде өте белсенді. 21 жастағы жігіттің 105 мың оқырманы бар. Ол отандық шоу-бизнесте ең танымал бойдақтардың тізімінде.

Өмірінің әр сәтін парақшасына жүктеп, көпшілікке бөлісіп отыратын Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғышы санаулы сағат бұрын сүйіктісімен түскен суреттері мен видеоларын алғаш рет Instagram-ға жариялады. Ел назарына ілккен естелік фотоларда қос ғашықтың серуендеген сәтін аңғаруға болады.

Сонымен, Бекболат Болмановтың жүрегіне жаулаған ару — Жәмила Маратқызы. Ол — Астана қаласының тұрғыны. Еуразия ұлттық университетінде «заңгер» мамандығы бойынша білім алған. Бірақ қазір Қыдырәлі мен Қарақаттың болашақ келіні визажист, яғни бет әрлеуші болып жұмыс істейді екен. Әлеуметтік желідегі парақшасына зер салсақ, бос уақытында джиу-джитсу спортымен шұғылданатыны байқалады.

Что думаете об этом?
Нравится 10
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 2