Актер Аян Өтепберген Taboo бағдарламасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».
Өнер иесі жар болатын қызды әлі кездестірмеген сияқтымын деді.
«Мына саусақтар бос. Соңғы қарым-қатынасым екі жыл бұрын болды, төрт жарым жыл жүрдім», — деді ол.
Актер қазір сүйіктісі бар екенін, сондай-ақ қандай қыздар ұнайтынын айтты.
«Маған өзінің ойы бар қыздар ұнайды. Ал мамамның талабы басқа. Үйде отыратын келін керек дейді. Қандай ана жаман қыз болғанын қалайды. Тәрбиелі, ең бастысы, текті жердің қызы. Тектілік дегенде әке-шешесінің тәрбиесі бар, адамның өзін ұстауы, көзқарасы, оның ішінде білімі де бар. Ол қазіргі халық жек көретін «қызды қырық үйден тыю» деген емес, басқаша нәрсе. Негізі тектілік күшті нәрсе», — деп ой қозғады Аян.
Сонымен қоса актер үйленуге әлі дайын емес екенін ашық айтты.