суббота, 28 января, 2023
icon
460.43
icon
501.04
icon
6.65
Алматы:
icon
-11oC
Астана:
icon
-12oC
Подпишитесь на нас:
Общество Аружан Сердалина
28 ноября, 2022, 13:00

«Бәйбіше емес, екінші әйелі»: Ләйлә Сұлтанқызының қайын сіңлісі шындықты айтты

Таяуда ғана отағасынан айырылған Ләйлә Сұлтанқызының жеке өмірін соңғы уақытта талқыға салғандардың саны сәт сайын артып келеді. Күні кеше ғаламторда танымал тележүргізушіге қатысты тағы бір әңгіме тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

«Бәйбіше емес, екінші әйелі»: Ләйлә Сұлтанқызының қайын сіңлісі шындықты айтты

Фото: instagram.com/sultankyzy

Сұлтанқызының жолдасы Қайрат Беркінбаев өмірінде үш рет үйленген екен. Алғашқы некесінен екі ұлы бар, екінші келіншегінен бір қызы және үшінші әйелі, яғни Ләйләдан туған қос ізбасары өсіп келеді.

Жуырда жеке парақшасында марқұм күйеуі жайлы жылы естеліктерді бөліскен Сұлтанқызына желідегі жұрт түрлі сұрақтарын жаудырып жатыр.

«Бірінші әйелі де қимастық шумақтарын жариялаған екен. Көрген көзде жазық жоқ. Ол кісінің соңғы сапарға аттандарған рәсімдері бәйбішенің үйінде өтті ме? Әлде сіздің отбасыңызда шығарып салдыңыз ба?» — деп сұрады оқырманның бірі.

Сұлтанқызына жолданған бұл сауалға Қайрат Беркінбаевтың Мөлдір есімді қарындасы әлеуметтік желіде жауап берді. Анығында марқұм ағасына Instagram арқылы әсерлі өлең жолдарын арнаған алғашқы жұбайы емес, екінші әйелі екен.

«Қайрат ағамды қарашаңырақтан шығарды. Ләйлә жеңешем Сағадат және Сардармен барды. Ал сіз айтып отырған бәйбіше емес, екінші әйелі. Ағам 2006 жылдан бері Ләйләмен тату-тәтті өмір сүрген. Егер Ләйлә жеңешемді жақсы көрмесем, мынадай жауап жазбас едім», — деді Ләйлә Сұлтанқызының қайын сіңлісі.

Бұл әңгімені Қайрат Беркінбаевтың келіні Динара да қолдай кетті. Ол бақилық болған кәсіпкердің алғашқы некесінен туған ұлының келіншегі екен.

«Өлең жазған бірінші әйелі емес. Бірінші әйелінің аккаунты инстада жоқ», — деп жазды марқұм Қайрат Беркімбаевтың келіні.

Сондай-ақ, желідегі жұрт Ләйлә Сұлтанқызын кәсіпкердің «тоқалы» деп топшылайтын көрінеді. Танымал тележүргізушінің жақындары бұл қауесетті жоққа шығарып, Қайрат Беркінбаевтың заңды жұбайы екенін растайтын неке қию туралы куәлікті көпшілікке көрсетті.

В статье:
Что думаете об этом?
Подпишитесь на нас:


Эксклюзив
Интервью и мнения