пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Мұрат Құсайынов: «Қазіргі қыздардың бәрі нәпсіқұмар, бұзылған»

Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі Мұрат Құсайыновтың қазіргі жастарға көңілі толмай отыр. Өнер иесінің айтуынша, бүгінгінің арулары ақша мен нәпсінің құлына айналған, деп хабарлайды Экспресс К.

Айта кетейік, биыл Мұрат Құсайынов пен жұбайы Сәбираның отау құрғанына 52 жыл толған екен. Осы уақыт аралағында ерлі-зайыпты бір шаңырақ астында бақытты ғұмыр кешіп келеді. Алайда атақты музыкант бүгін үйленіп, ертең ажырасып кеткен жастардың шешіміне қапалы. Ол TalkLike Youtube жобасына берген сұхбатында қазіргі қыздарда ар-ұят қалмағанын айтады.

«Біздің қазақта «дала философиясы» деген болған. Қазақ ата-балаларымыз отбасы мәселесін зерттеген адамдар. Қыз балаға өте мұқият қараған. Ал қазір қыздар бұзылған заман, ашығын айту керек. Бәрі ақшаның, нәпсінің құмары болып кеткен. Қыз — болашақ ана. Ұлы сөзде ұят жоқ, қыздың бойына бала бітеді ғой. Ол бала таза болу үшін, қыз таза болу керек. Эфирде айтуға да ыңғайсыз. Бірақ ұлы сөзде ұят жоқ. Әркіммен жатқан қыздан таза ұрпақ келмейді. Еректің аты — еркек. Бірақ еркек те абай болуы керек. Әр етектінің артынан жүгіре бермей, ол өз-өзін сақтау керек», — деді Мұрат Құсайынов.

Сондай-ақ әйгілі ансамбльдің жетекшісі бүгінгі қоғамдағы қыз-жігіттердің махаббаты алдамшы әрі шаңырақ көтерген жастардың жауапкершіліктен жұрдай екенін ашық жеткізген.

«Қыздар күйеуге шығып алады да, анау керек, бриллиант керек, біз шет елге баруымыз керек, менде неге шуба жоқ, менде неге алтын жоқ, деп тиіседі күйеуіне. Бір қарағанда махаббат болып жүрген жастар бір жылға жетпей ажырасып кететіні сол. Қыздарды тыймаған, олар нәпсіқор болып кеткен. Ананы көреді, мынаны көреді. «Анау бай тұрады, ал менің шыққан күйеуім неге бай емес» дейді. Олар бір-бірін білді ғой. Ойланып барып күйеуге шығу керек. Кейін әке-шешесін масқара қылады, оларға қандай соққы болатынын ойламайды. Қазіргі жастарда тәртіп, адамгершілік және жауапкершілік қалмаған», — деп ойын түйіндеді «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 3
Забавно 5
Сочувствую 0
Возмутительно 30