Шыршаға бөлінетін қаржыны Екібастұздағы тоңып отырған халыққа жұмсасын – әнші

Белгілі әнші Жазира Байырбекова билік басында отырған басшыларға ерекше ұсыныс айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото коллаж exk.kz

Байырбекованы елде болып жатқан түрлі оқиғалар бей-жай қалдырмайды екен.

Әнші өзінің ұсынысын әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Жазира билік басындағылар мемлекет бюджетінен бөлінетін қаржыны шыршаны безендіруге емес, Екібастұздағы жылусыз, сусыз қалған тұрғындардың қажеттілігіне жұмсаса екен дейді.

«Биыл шыршаларды безендіруге өкіметтен бөлінетін қаржының барлығын Екібастұзда тоңып отырған халықтың баспаналарын жылытуға жұмсаңыздаршы», — деді Жазира Байырбекова.

Осыдан бес күн бұрын Екібастұздағы жылу электр станцияларының бірнеше қазандық агрегаты істен шығып, қала халқы жылу мен ыстық сусыз қалғанын айта кетейік.