Димаш Құдайберген ең үлкен арманы мен неден жігер алатынын айтты
Танымал жұлдыз Димаш Құдайберген неден күш пен жігер алатынын ашып айтты. Сонымен қатар өнер иесі үнемі алға жетелеп жүретін арманымен де бөлісті, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: Sputnik.kz
Бұл туралы әнші тілшілерге берген кезекті сұхбаты кезінде айтты. Оның үзінді видеосын ТікТок қолданушысы өз парақшасында жариялады.
«Анамның қызық қасиеті бар. Күшті жаңалық айтатын болсаң, «құлыным» деп жылап бастайды. Аналарымыздың көз жасы қуаныштан шыққанда, кеудесіне бақыт сыймай күлген кезде, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес бір ерекше сезімге бөленемін», — деді Димаш Құдайберген.
Өнер иесінен жұртшылық «Неден стимул аласың?» деп сұрап жатады екен. Бұл сауалдың жауабын әнші былайша түсіндірді:
«Бірден айтайын, алға жетелеуші үлкен тылсым күш — ата-ананың қуанышы. Адам атаққа үйренеді, абыройға, тіпті халықтың махаббатына да үйренеді. Бірақ ата-анамның қуанып жүргені мен үшін ешқашан үйрене алмайтын нәрсе. Түйсігімде анамды қуантсам деген бір ой жүреді. Сол арман жетелеп жүр мені», — деді әнші.
Өнер жұлдызының бұл видеосын көрген желі қолданушылары оның тәлімді тәрбие алған ақылды адам екенін алға тартты.
«Ақылы көркіне сай. Тіл-көзден сақтасын; Өте шынайы адам; Қандай ақылды, сүйкімді. Әрқашан жолың ашық болсын; Балаларым осы жігіттей болсын; Алла разы болсын. Анаң әрдайым қуанып жүрсін; Тәрбие мықты. Аман бол», — деп жазды желі қолданушылары.
-
Алматинец мастурбировал в автобусе, глядя в глаза пассажирки02.02.2023, 16:33Заставлял беременную жену ублажать друга: Карагандинцу вынесли приговор02.02.2023, 09:56Иностранку, пропавшую 25 лет назад, нашли на юге Казахстана02.02.2023, 06:47Алматинец застрелил жену и покончил с собой: Соседи рассказали подробности трагедии02.02.2023, 03:38Замечаниями и выговором отделались врачи от женщины, родившей в подгузник02.02.2023, 09:28«Если на меня подадут в суд, я уеду»: Иностранные инвесторы о проблемах с бизнесом в ШымкентеСегодня, 00:00
-
19:05«Остался без присмотра»: 4-х летнего ребенка ударило током на прогулке18:50Государство выделит 1 трлн на развитие сельхозкооперации – Токаев18:33Экс-чиновников арестовали за земельные злоупотребления в Таразе18:18Токаев ознакомился с деятельностью птицефабрики в Жамбылской области18:00Казахстан вышел на 2 место в мире по количеству разводов17:45Журналиста Абжана приговорили к 9 годам заключения17:30Шесть человек застряли на высоте в Павлодарской области17:16Штормовое предупреждение объявлено на большей части Казахстана17:02Вслед за хиджамой казахстанцы бросились выравнивать спины молотками16:48Талоны на бензин на 100 млн тенге похитили двое полицейских16:34Доллар стал еще дешевле на казахстанской бирже16:19Астаналық ару ернінің пішінін түзетемін деп ауруханадан бір шыққан16:05Отец избивал 11-летнюю дочь, заставляя молиться15:51Деньгами из ящиков для пожертвований спонсировали террористов15:37Интернет появится в казахстанских поездах и на удаленных станциях