Танымал кәсіпкер астаналық студенттің өмірін түбегейлі өзгертті
Танымал блогер, кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов астаналық студенттің өмірін түбегейлі өзгертті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хикая блогердің Stories-інен басталды.
«Бай достарымның назарына! Әуежайдан көлігімді әкелетін жүргізуші бар ма?» дейді кәсіпкер видеода. Кейін оның оқырмандарының бірі «Астанадан Алматыға ұшаққа билет алып берсеңіз, көлігіңізді апарып беремін ғой» деп жауап қайтарған. Ол - 21 жастағы Жантілеу.
Қарапайым отбасыдан шыққан шымкенттік жігіт Астанада ЕҰУ-де 4-курста оқиды, бос уақытында түрлі жұмыс істейді.
«Билет алдым. Енді маған көмектесетін адам керек. Ол үшін Астанадан Алматыға келіп, менің үйіме соғып, көлік кілтін алып, әуежайға барып, көлігімді әкелу керек», - дейді блогер.
Астаналық студент бәрінен басып озып, бірінші жауап қайтарып, әуежайға барған. Кәсіпкер оған билет алып берген. Жантілеу бұрын-соңды ұшақта бизнес-класпен ұшып көрмеген. Ал блогердің бір оқырманы Жантілеумен бірге ұшып бара жатқанын айтып, студенттен сұхбат алып үлгерген.
«Менде мұндай нәрсе алғаш рет болып тұрған соң, эмоциямды дұрыс жеткізе алмай отырмын. Сондықтан қазір кино қараймын», ― дейді ол видеода.
Елордадан келген студентті алматылықтар тағатсыздана күтті. Ал кәсіпкердің тағы бір оқырманы оған Rixos қонақүйінен 125 мың теңгеге бөлме жалдаған.
«Міне, достар, көз алдыңызда Жантілеудің өмірін түбегейлі өзгерттік. Жантілеу бұл жағдайдан кейін дұрыс қорытынды жасаса екен деймін. Мен ақшаны оңды-солды шашып, пайдасы жоқ сыйлық алатындардың қатарынан емеспін, бірақ бұл жолы осылай әрекет еткім келді. Кез келген нәрсе жайдан-жай емес екеніне сенімдімін», - деп жазған блогер Intstagram-парақшасында.
Бұдан басқа, Ұлықбек Шәріповтің оқырмандары Жантілеуге электрсамокат, Дубайға жолдама, ақшалай сыйлық берген. Кәсіпкердің айтуынша, студент Дубайға төлқұжат алғаннан кейін барады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
-
Рецепт традиционного наурыз-коже20.03.2023, 15:14Список депутатов мажилиса по одномандатным округам20.03.2023, 20:21Девушка разбилась после падения с 9-го этажа в Уральске20.03.2023, 16:24Водитель погиб в жутком ДТП в АстанеСегодня, 06:37Женщина выиграла в лотерею крупную сумму, но не может получить деньги20.03.2023, 06:40Доллар значительно подешевел в обменниках РК перед праздниками20.03.2023, 09:14
-
12:38Несовершеннолетняя в Жанаозене забеременела от своего отца11:59Маленькая девочка умилила Сеть игрой в готовку бешбармака11:32«Мы – народ, верный заветам предков»: Токаев поздравил жителей Казахстана с Наурызом10:57Елена Рыбакина обратилась к казахстанцам10:20Ұлыс оң болсын: Акорда поздравила казахстанцев с Наурызом09:56Жанибек Алимханулы показал видео с тренировки перед защитой титула09:15Студент четырежды сообщал о бомбе в колледже из-за неуспеваемости08:54Стало известно, за что подростки избили до полусмерти мужчину в Алматинской области08:29Трамвайда тартылған домбыра. Өскеменде қоғамдық көлікте ән айтқандар тұрғындарды таңғалдырды08:01Казахстанцы отмечают Наурыз07:41Напуганную косулю спасли полицейские07:13Сауль «Канело» Альварес поздравил казахстанцев с Наурызом06:37Водитель погиб в жутком ДТП в Астане06:00Прогноз погоды в Казахстане на 21 марта05:058-классники создали говорящую юрту в Павлодарской области