суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-5oC
×

Мақпал Исабекова күйеуімен ажырасқысы келетінін айтты

Мінезінің ауыр екенін айтқан әнші Мақпал Исабекова күйеуімен арадағы жанжал туралы да жасырып қалмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Адам өмір бақи бәріне кешіріммен, түсіністікпен қарап жүре алмайды. Біз адамбыз және ол қалыпты жағдай. Мен ашуланғанда айналамды жайпап тастаймын. Адамды енді қайтып көрместей болып кетемін», – дейді әнші әлеуметтік желіде ойымен бөлісіп.

Мақпал Исабекова оқырманның: «Сіз қатты ашуланғанда жан-жағымды қиратамын дейсіз, күйеуіңіз бұл мінезіңізге қалай қарайды?» деген сауалына: «Жанжалдың көкесі болады. Екеуіміз ұрысқан сайын ажырасқым келеді. «Мен сенімен ажырасамын. Болмаса сен барып ажырасуға арыз жаз. Әйтпесе жұрт мені таниды, ұят болады» деймін. Ол да айналасын қиратып, ашуланғысы-ақ келеді. Бірақ олай жасамайды. Себебі, сондай әрекетке барса, біз расымен ажырасып кетеміз», – дейді Мақпал Исабекова.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0