вторник, 22 октября 2024 г.
icon
481.68
icon
522.48
icon
5
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
7oC
×

«100-120 келідей болдым»: Актер Ерболат Төлеген қалай арықтағанын айтты

Актер Ерболат Төлеген артық салмақпен 10 жылдай күрескенін жеткізді. Ол кейінгі 3 айда қалай арықтағаны туралы «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: instagram/erbolat_tolegen
Фото: instagram/erbolat_tolegen

Актер сан жылдар бойы артық салмақтан қиналғанын айтты. Тіпті арнайы ақы төлеп, диетологпен арнайы жұмыс істеген.

«2009 жылы 100-120 келідей болдым. 2011 жылдан бері диета ұстап жүрмін. Былтыр өзіме аштық жарияладым, 15 күндей ештеңе жемедім. Тек су мен сорпа іштім. Оразадан кейін ешқайда барған жоқпын, 3 айдай үйде жаттым. Солай өзімде ретке келтіріп, арнайы диетолог мамандармен жұмыс істедім», ― дейді актер.

Өнер иесі арықтау үшін тамақтан бас тарту дұрыс емес екенін айтты. Оның сөзінше, күніне 7 рет тамақтанады.

«Мен қазір үш я болмаса бес рет емес, күніне 7 рет тамақтанамын. Аз тамақтансаң, арық боласың деген - өтірік. Аз-аздан күнделікті тамақтанып жүру керек. Бірақ енді қарайсыз ғой, тамақтың түріне де. Егер артық салмақ қосып алсам, бірден жаттығу залына барып, қайта өзімде ретке келтіремін», - дейді Ерболат Төлеген.

Актер, сондай-ақ, салмағы өзінің образына еш әсер етпегенін айтады. Қандай салмақ болмасын сахнаға Шімән апа болып шыға беретінін жеткізді.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1