Қазақстанға келгісі келетін қандастарымыздың өзі орыс тілін үйренгісі келеді. Бұл туралы жазба Twitter желісінде жарияланды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Жазбаны қалдырған адам елімізде орыс тілін үйренуге мәжбүр болған Қытайдан келген қандас деген болжам бар.
«Мына орысша өлеңді қалай жаттаймын? Өмір-ай неткен қатал еді. Қазақстанда жүрсек те орыс тілін білмесең күн көре алмайсын. Мен үшін бұл тығырықтан шығудын жалғыз жолы», ― делінген жазбада.