суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

«Дүлдүл әнші емес»: Медеу Арынбаев Төреғали Төреәліні неліктен әнші емес деп айтқанын түсіндірді

Танымал әнші Медеу Арынбаев осыдан бірнеше жыл бұрын Төреғали Төреәліні әншілер санатына қоспайтынын айтқан. Базарlike бағдарламасында ол бұл пікірін түсіндіріп берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/toregalitoreali
Фото: instagram.com/toregalitoreali

«Әнші дегеннің дәрежесі жай сөз еместігін айтқым келеді. Әнші деген - үлкен тылсым, феномен. Әнші деген - атақ. Мұны халық бере ме, өнер ұжымынан құрылған құрылтай бере ме... Уақытпен келетін нәрсе. Төреғали ол кезде бала ғой, құдай-ау. Әнші емес дегенім, адам емес деген сөз емес. Ең жаманы - адам емес деген сөз. Ол кезде Төреғалидің тұлға болып қалыптаспағанын айтқым келген. Қалыптасты. Әнді жеткізе алады. Бірақ дүлдүл әнші, бұлбұл әнші емес дегенім ғой. Вокалист емес дегенім ғой. Вокалист деген - дауыс иесі. Бірақ ол әнші ме, әнші емес, тағы сұрақ. Бұл үлкен ғылым», — деді Медеу Арынбаев.

Айта кетелік, сұхбат барысында Арынбаев Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенге де өз бағасын берді.

«Өнерді аздап үзіп алған кезеңдеріміз болды. Әттеген-айымыз бар. Әнші деген ұғым биік тұруы керек. Әнші деген бұрын бөлінетін. Эстрадалық әнші, дәстүрлі әнші, термеші, классикалық әнші деп кете беретін. Қазір әнші дегеніміз тек бір ұғым. Классикалық әншілердің көбісі ән айта алмайды. Барлығына топырақ шашпаймын. Олардың бәрі классикалық шығармаларды орындайды», — деді Медеу Арынбаев.

Осы арада жүргізуші: «Қайрат Нұртас әнші ме, орындаушы ма? Димаш ше?», — деп сұрады.

«Қайрат - әнші. Димаш үлкен әнші, орындаушы, ғұлама. Бұл тылсым жаңалық біз үшін. Дауыс бар. Ол бала күнінен қойылған дауыс қой. Ата-анасы Қанат пен Светаны білемін. Отбасымен әншілер. Бұған ғылыми көзқараспен қарау керек. Феномен ол. Келешекте Димаштың мектебі қалыптасуы керек», —деді әнші.

Сондай-ақ жұбайы өмірден өткен соң неліктен үйленбей жүргенін айтты.

«Дөп түсіп, осы қазір таптым дейтін халге жетпедім. Әрине, ер адам болған соң сүйіспеншілік, әуестену деген үзілмейді. Бірақ өте жауапкершілікпен қараймын. Несін жасырайын, алғашқы кезде бойдақтық осы екен дегенді де сезіндік. Қиналған кездер де болды. Маған күш-қуат беретін, маған демеу боп жүрген - ұлым мен қызым ғой. Ер жетіп, бой жетіп қалды. Құдай қаласа, боп қалар. Кездесіп қалармыз. Тірі жан болған соң, барлығына көнеді екенсің. Жалғыздыққа да үйреніп қалдым, сөздің ашығы. Емін-еркін. Үйлену деген үлкен жауапкершілік қой. Менің таңдауымнан шыққан жас әлекке салып қоя ма, кім біледі?! Талғамы, талабы қалай боп кететінін кім біледі...», — деді Арынбаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 5