четверг, 9 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

«Бәрі жарасады»: Актер Дәурен Серғазин тойда бидің түбін түсірді

Отандық актер Дәурен Серғазиннің той төрінде белгісіз арумен жарыса билеген сәті желіге тарады. Танымал актердің бидің түбін түсірген сәті көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актердің видеосы TikTok желісінде тарады. Видеодан мейрамхана ортасында актер мен қызыл көйлекті арудың билеген сәтін байқауға болады. Би соңында Дәурен Серғазин бойжеткенді көтеріп, айналдырады. Сонымен қатар видеодан осы сәтті мейрамханаға жиналған қонақтардың барлығы камераға түсіріп, қошеметтеп тұрғанын көруге болады.

Ал желі қолданушылары актердің нағыз бишілерден артық билеген қимылына тәнті болды.

«Керемет», «Осы актер қатты ұнайды», «Бір артық қылығы жоқ», «Өзіне бәрі жарасады», «Нағыз талантты жігіт екен ғой», «Өнерлі жігіт», - деп пікір білдірді желідегілер.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 5