пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен не үшін ажырасқанын ашып айтты

Актер Жахан Отарғалиев «НТК» арнасының «OZMZ ғой» бағдарламасында «КешYOU» тобының экс-солисі Балжан Балжанмен не себепті ажырасқанын ашып айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/bidash_official
Фото: instagram.com/bidash_official

«Біріншіден, біз халық алдында жүрдік. Мен ешқашан, қалай қиналсам да, отбасыммен хайп жасамаймын. Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ол кез келген нәрседен шығып кетуі мүмкін. Аллаға шүкір, біз жақсы өмір сүрдік. Қазір біздің арамызда болып жатқан жанжал тек екеуімізге қатысты.

Ол екеуіміздің арамызда қалуы тиіс. Қазір «Өзі жоқтың – көзі жоқ» деп, екеуіміз жайлы айтып, өзімді күшті қып көрсетіп қойғаным болмайды. Ол видеоны негізі әлеуметтік желіге салмаймын деген едім. Эмоциямен кетіп қалды.

Ертесіне неге істедім деп, өкініп қалдым. Біз бет жұлысып, соттасып жатқан жоқпыз. Түсініспеушілік болды. Қазіргі таңда бір-бірімізді көшеде кездестірсек, танымай өтетіндей жағдайда емеспіз. Өте жақсы қарым-қатынастамыз», — деді Жахан Отарғалиев.

Сондай-ақ ол халықтан Бидаш екеуі үшін дұға тілеуді сұрады.

«Тағы бір айта кетерлігі, «екі жастың арасына есі кеткен түседі» және екеудің ажырасуын ең жақсы көретін – шайтан. Сондықтан бізді жақсы көрсеңіздер, құрметтесеңіздер, біздің бірге болуымыз үшін дұға тілеп, жақсы тілек айтсаңыздар, оның қабыл болуы әбден мүмкін», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасқанын ресми түрде растаған болатын.

«Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан «рас па, өтірік па» деген ақпаратты «Біз екі жаққа кеттік» деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін», — дейді Балжан Бидаш.

Что думаете об этом?
Нравится 29
Мне все равно 31
Забавно 4
Сочувствую 2
Возмутительно 3