воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
17oC
1xadv
×

«Далада жүрген жоқ қой»: Айдарбекова үлкен келіні мен немерелерінің неге пәтерде тұратынын түсіндірді

Продюсер Гүлзира Айдарбекова үлкен келіні Жұлдыз Әбдукәрімова мен немерелерінің неге пәтерде тұрып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында күйеуі Нұртас Айдарбековпен бірге түскен видеосын жариялады.

Оқырмандарының бірі «Осы екеуі-ақ әйтеуір өзін күшті ғып көрсете береді. Кейде ерсі болып кетеді. Әрнәрсенің өз уақыты бар, өз сәні бар. Қанша жерден сыйластық қой, дегенмен өте ерсі ғып жібереді. Бұндайды жастарға-ақ берсеңші. Көреалмаушылық емес, өзі пікірім»,—  деп жазған.

Гүлзира Айдарбекова бұған Алыстан «жау келмейді» демекші, жалған парақшамен неменеге көреалмаушылық емес дейсің, көреалмаушылық болмаса, сенікі санасыздық. Бұл жерде қара пиғылыңды жасырып отырсың.  Ерлі-зайыптының бақыты тек жастық шақта ма не? Жастардың өз өмірі, ал біздің өз әлеміміз, ешкім біреудің өмірімен өмір сүрмейді. Тіптен қияметте де тек өзіңе жауаптысың. Ақылсыз болсаң да, ақылды көзбен қарап, елге өз артыңды өзің ашып, санасыз екеніңді білдірмесей ең құрығында»,деп жауап берген. 

Тағы бір қолданушы «Ал олардың үйі қайда, тек пәтер, ал үй Қайраттікі?» деп үлкен келіні Жұлдыз Әбдукәрімова мен немерелерінің қайда тұратынын сұраған.

«Жұлдыз сатып, коттедж алған жоқ па? Біткен жоқ, бітсе, кірер. Оны неге уайымдап отырсыз. Далада жүрген жоқ қой, әкелері ай сайын млн төлеп отыр пәтерінің өзіне біткенше, жағдайлары жасаулы, ақшасын аяп жатқан жоқ, отбасы қалай жүріп, тұрса да», —  деп жауап берді продюсер.

Гүлзира Айдарбекова сонымен бірге бұл видеоға үлкен немерелерінің неге түспегені туралы айтқан.

«Шақырғанбыз, сабақтарынан босай алмады, жолға түске дейін шығып кеткенбіз. Ортаншы ұлдың ұл-қызы әлі мектепке бармайды ғой", - деп жауап берген "Клипке үлкен немерелерін де түсірге жақсы болар еді», —  деген оқырманның пікіріне.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0