суббота, 18 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
17oC
1xadv
×

«8 ай іздедік»: Актер Жанатбек Бәйтеков «МузАРТ» тобының құрылу тарихын айтып берді

Танымал актер, продюсер Жанатбек Бәйтеков «МузАРТ» тобын құрған» деген әңгіменің шындығын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Ұйқым келмейді» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото әлеуметтік желіден
Фото әлеуметтік желіден

Актер алғашында топты театр етіп құрғысы келген.

«Студент күнімізде Мейрамбек, Сәкен, Мақсат төртеуіміз театр құрғымыз келді. Бірақ әнге бүйректері бұрғасын, ән салып шығуды жөн көрді. Қазіргі таңда Музарт – қазақ эстрадасының шыңы. Қаншама азамат топ құрып, өнерге қадам басып жатыр. Әлі есімнен кетпейді, Сәкен тәжіктердің «Арон» деген кафесінде ән айтатын. Сол жерде мини-дискіні қосып, Музарттың әндерін қонақтарға тыңдатамыз. Өзіміз сыртынан бақылап отырамыз. Жұрттың қалай қабылдайтыны қызық болатын. Елдің ықыласы ерекше болды. Қайта-қайта әндері қойылып жатты. Халық мені топтың продюсері деп ойлайды. Ал жігіттердің өзінен «МузАРТтың бағын жаққан – Жанатбек па?» деп сұраңыздар», — деп әзілдеді.  

Сондай-ақ, топқа атты да көпке дейін таба алмаған көрінеді.

 «8 ай бойы топтың аты қойылмады. Өте көп іздедік. Сағаділдә Үсібәлі деген актер»қазақ-түрік» сөздіктерін ақтарды. Ол кезде «сенің жұмысың, менің жұмысым» деген болмайтын. Бәріміз бірігіп жасайтынбыз. Алғашқы кезде «Узарт» болды. «Уз» сөзі паң, кербез сыпайы деген мағынаны береді. Одан кейін алдына «М» әріпін қосып, «МузАРТ» деп бекіттік. Музыканың биік шыңы болсын деген ниетпен қойған едік, топ әлі күнге дейін өнер көрсетіп келеді», — деп тарихын айтып берді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0